1963 жылы Атырау қаласында туылған. СССР ІІМ Астрахандық МАОМ курсанты. ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағандылық заң институтын бітірген.
1980-1981 жылдары Гурьев қаласының № 29 жол-құрылыс басқармасының 2-санаттағы жұмысшысы.
1981-1983 жылдары РФ., Оренбург қаласында СССР қарулы күштерінің қатарында әскери қызметте, Белоруссия Республикасының Бобруйск қаласында Белорус әскери округының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінің командирі.
1983-1986 жылдары Гурьев облаткомы ІІБ-ның Орал өзері мен Каспий теңізі айдынының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер бөлімінің сержант милиционері.
1986-1996 жылдары Атырау облыстық ІІБ әр түрлі орта және басшылық қызметтерде болды.
1996-1997 жылдары Атырау облыстық МТК (мемлекеттік тергеу комитеті) Депаратаментінің аса қауіпті қылмыстарды тексеру басқармасының басшысы.
1997-2002 жылдары Атырау облысы ІІБ Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы.
2002-2004 жылдары Атырау облыстық ІІБ көші-қон полиция басқармасының басшысы.
2004-2008 жылдары Атырау облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары.
2008-2010 жылдары ҚР ІІМ криминалдық полиция Комитетінің жеке адамдарға қарсы қылмыстарды ашуды ұйымдастыру басқармасының басшысы.
2010-2012 жылдары Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл медалі, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы ІІМ еңбегі сіңірген қызметкері, полиция полковнигі. Үйленген, үш баласы бар.