ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының мүшесі «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар депутатқа тұрғын үй алуға жәрдемдесу, жұмысқа ораналастыру, зейнетақы төлеу және республикалық кинофестиваль өткізу сияқты мәселелер жөнінде өтініш жасады.
Мәселен, Астана тұрғыны Дина Омарғалиева қабылдау барысында өзінің 90 жастағы әжесін Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатарына теңестіруге жәрдемдесу жөнінде өтініш жасады. Оның айтуынша, әжесі тыл еңбеккері және оның тиісті марапаттары мен медельдары бар екен.
«Ол тылда еңбек еткен, оның медальдары мен марапаттары бар. Біз Астана қаласының Халықты әлеуметтік қорғау қызметіне өтініш жасадық, бірақ олар заңнамаға сілтеме жасай отырып, біздің өтінішімізден бас тартты және бізді Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына жіберді», - деді ол.
Сонымен қатар ол әжесінде «Ерен еңбегі үшін» медалінің бар екенін, осының өзі Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатарына теңестіруге мүмкіндік беретінін айтты.
Бұдан кейін депутат Е.Шпанов оның өтініші тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетінін айтты.
«Сіздің өтінішіңіз тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Біз астаналық Халықты әлеуметтік қорғау қызметіне хат жібереміз, мәселенің шешілуіне орай сізге жауап жібереміз», - деп сендірді депутат.
Сондай-ақ депутатқа қазақтың алғашқы киноактері, қазақ совет кино өнерінің алғашқы бастаушыларының бірі Хакім Дәулетбековтің қызы – Сәуле Дәулетбекова өтініш жасады.
«Мен – «Жұлдыздар сөнбейді» жобасының авторымын, бұл киномарофон 2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында өткізіліп келді, отандық кинематографияны дәріптеу және дамыту мақсатында оны алдағы уақытта да жүргізсем деймін. Жәрдем көрсетулеріңіздіі сұраймын», - деп өтінді Сәуле Дәулетбекова.
Депутат келушіні мұқият тыңдап, жобаның әлеуметтік мәнін атап көрсетті және ол бұл мәселенің бақылауға алынатынына сендірді.