Алыс аудандағы жүздесу
Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Шпанов Құрманғазы ауданына келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға түсіндіріп, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі.
Депутат ең алдымен Жолдаудың басым бағыттары мен сайлау алдында тұрғындармен кездесу өткізілгенде айтылған сауалдар мен ұсыныстары бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде айтты.
Аудандық Маслихат хатшысы Р. Сұлтаниязов республикалық қатынас жолдарын жөндеуге және жанар-жағармай келісім-шарт жасау мерзімі бағаның тұрақты болмауына байланысты тоқсан сайын жасалады, осыны заңдастырып беруіне ықпал жасауды сұрады.
Депутатқа қойылған сұрақтарға, ұсыныстарға, пікірлерге толықтай оңды жауаптар қайтарылды.
Бақтияқ Тілекқабылұлы
Құрманғазы ауданы.