Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
12.07.2012. № 28. "Алтын орда" КАНИКУЛДА БОЛҒАНМЕН, ХАЛЫҚ АРАСЫНДА
12

12.07.2012. № 28. «Алтын орда»

 

КАНИКУЛДА БОЛҒАНМЕН, ХАЛЫҚ АРАСЫНДА

 

Парламенттің төменгі палатасының бір топ депутаты каникул уақытын пайдаланып, ел аралау мақсатында Атырауға ат басын тіреді. Солардың ішінен мәжілісмен Еркін Шпанов «Нұр Отан» Партиясының облыстық филиалында тұрғындардың өтініш-тілектерімен танысып, қоғамдық қабылдау өткізді.

Алғашқылардың бірі, Көкарна селосының тұрғыны, көп балалы ана Ұлдай Жарасова саяжайда тұратын оқушылардың мектепке қатынауы қиындық туғызып отырғандығын ашып айтты. Ал, мәжілісмен бұл мәселенің жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

Ал, «Атырау жолдары» мекемесінде жұмыс жасайтын балықшы поселкесінің тұрғыны Қали Аубекеров қызмет орнының белгілі бір жұмысты тендерден ұтып алғанымен, жерден топырақ ала алмай, төрт жылдан бері межелі ісін атқара алмай отырғандығын мәлімдеді.

-1995 жылы қабылданып, 2010 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстанның жер қойнау туралы заңы» құрылыс саласына топырақ алуға рұқсат етпейді. Онда топырақ пайдалы қазба, карьер, жер қойнау ретінде көрсетілген. Осыған орай жаңа ереже де шықты. Сол себепті біздің жұмысымыз тоқтап тұр. Біз аталмыш заңдағы «Жер қойнау» деген ұғымға өзгеріс енгізілуін сұраймыз,-деді ол.

Мәжіліс депутаты Еркін Шпанов бұл мәселемен тікелей айналысып, бір ай ішінде нақты жауабын қайтаратындығын айтты.

Әртүрлі әлеуметтік мәселелермен қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен талап тілектерін жіті тыңдап, үлкен назар аударған мәжілісмен әр сауалға жауап беріп қана қоймай, өз бақылауында болатындығын хабардар етті.