Жамбыл облыстық «Ақжол» газеті 13.04.2013. № 41
Жаңа қоғамдық қатынас, жаңа міндеттерге бастайды.
... Кездесуде депутат Еркін Шпанов ел экономикасының жедел дамып келе жатқанына Парламент Мәжілісіндегі комитеттердің атқарып жатқан жұмыс барысына, бүгінгі басты мақсат – қол жеткен табысты баянды етіп, еліміздің отыз өркениетті елдің қатарына енуіне күш салу екендігіне айрықша тоқталды. Жаһандық үрдісте еліміз елдігін сақтап, тілін, дінін, ата-дәстүрін жоғалтып алмауы тиіс. Сонымен қатар, жаңартылған энергия көздерін игеру қажеттігіне, «ЭКСПО – 2017» ерекше мән бөлді.
Басқосуда аудан тұрғындары атынан облыстық мәлихат депутаттары С. Қалмамбетов, Қ. Шайкиев аудан орталығынан өтетін, сондай-ақ, Сарғобы мал жайымымына апаратын жолдар, қант қызылшасын өірудегі кейбір түйткілдер туралы сұрақтар қойып, ой бөлісті.
Парлмаент Мәжілісінің депутаттары одан соң «Алкопишепром» серіктестігінде жаңадан ашылған қалбырлау цехының, Мерке қант зауыттарының «Айп сервия» кәсіпорынының және шекара заставаларының жұмыстарымен танысып, жұртшылықпен кездесті. Сапар барысында халық қалаулылырын аудан әкімі С. Жұмағұлов бастап алып жүрді.
Меркі ауданы
«Ақ жолдың» тілшілер тобы.
Ардақ Үсейнова
Әділбек Баққараұлы
Серік Құралбай