Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Атырау облысы Исатай аудандық "Нарын таңы" газеті. 18.04.2013. №16. АДАМДАР АЛАҢСЫЗ ӨМІР СҮРУІ ТИІС
Атырау облысы Исатай аудандық "Нарын таңы" газеті

Атырау облысы Исатай аудандық "Нарын таңы" газеті. 18.04.2013.  № 16

 

Депутат аралап жүр

 

АДАМДАР АЛАҢСЫЗ ӨМІР СҮРУІ ТИІС

 

Исатай ауданының ең шалғайындағы Зинеден ауылы тұрғындары мемлекеттен бөлінген қаражатқа соңғы жылдары әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін біраз шешіп алды.

 

Ауылға көгілдір отын келді, тұрақты электр жарығымен қамтамасыз етілді. Келер жылы әр шаңырақ «Ақ бұлақтың» қайырын көретін болады. Дегенмен, шешімін күтетін басқа да әлеуметтік мәселелер баршылық. Тұрғындар жаңа бала бақша, селолық клуб пен кітапхана үйлерінің тұрғызылғанын өркениетке бір табан болса да жақындағанын қалайды. Қоршаған ортаның жайы мен құм көшкінін тоқтату, ауылға кірме жол салу жайы алқылы жиындарда билік басындағылардың қаперіне салынып та жүр. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Исатай ауданының Забурын Исатай селолық округтерінің жұртшылық өкілдерімен кездесуінде Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыттары  егжей тегжейлі әңгіме болды. Ол сондай ақ, Парламентте қабылданған заңдар мен талқыланып жатқан жаңа заң жобалары туралы да әсерлі әңгімелеп берді.

Депутаттың жұртшылықпен кездесуін аудандық маслихаттың хатшысы Жұмажан Қадимов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуде сөз алған Мәжілісмен Еркін Мажитұлы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының тарихи маңызды құжат екендігіне, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына өту жолын таңдаған мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси бағыттарына тоқталды.  Ол 5-ші шақырылған Республика Парламентіне  депутаттар талқысына түскен 76 заң жобасының 56-сының қабылданып, күні бүгін 45-іне Елбасы қол қойып, күшіне енгендігін мәлім етті. Сонымен қатар, депутат өзі талқылауға қатысқан жаңа заңдар, Үкімет пен жеке министрлерге жолданған депутаттық сауалдардың осыған байланысты алынып жатқан шешімдерден де хабардар етті.

- Соңғы кезде елде теріс діни ағымдар жетегіндегі жастардың террорлық, діни экстремистік әрекеттері арқылы келеңсіз жайттар орын алды. Елдің қауіпсіздігі, тыныштық ең басты орында тұру керек. Ал, тыныштық, тұрақытылық болу үшін елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың өкілдері ынтымақта, бірлікте, достық пен бауырмалдық қарым-қатынас қажет. Бүгінгі жастарымыздың бойында өз Отанына деген патриоттық сезім мен рух жоғары болу керек. Адамдар тек өзінің жұмысынан басқа нәрсеге алаңдамайтын жағдайда өмір сүруі тиіс, - деген депутат Еркін Шпанов.

Парламент Мәжілісінің депутатымен болған кездесуде исатайлық Оразбек Жұмаев ауыл әйелі мен қалада тұратын әйелдердің тұрмыс тіршілік жағдайларының әр түрлі екендігін депутат назарына беріп, болашақ әйелдердің зейнеткерлік жасын 63-ке дейін өсіру жөніндегі жаңа заңда осы жағы ескерілсе деген ұсыныс айтты. Ардагер Қадіржан Көпбергенов, забурындық Мұратолла Мүтиғоллин, Гүлжан Шамұратовалар сөйлеп, жастарды діни теріс ағымдардан сақтандыру, патриоттық тәрбие беру жайы, жұмыспен қамту, несие алудағы кездесетін кедергілерді айтып, ауылдағы «Ақ бұлақ» бағдарламасын орындау тым ұзаққа созылып бара жатқандығы туралы ойларын ортаға салды.

Депутат олардың көтерген мәселелерін тиісті билік орындарына жеткізіп, шешілуін бақылауда ұстауға уәде етті.

Бақытжан Жұмат.