Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаттары БҚО облысына жұмыс сапарда
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының есебі

ҚР Парламенті  Мәжілісі депутаттарының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының есебі

1 шілде, 2013 жыл

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының аймақтарға сапарлары басталды.  Бұл сапарлардың мақсаты – облыс, аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдардағы  халықпен жүздесулер өткізу.

Аймақтық іс сапарлар жергілікті өкілетті және атқарушы орган басшылармен кеңестер өткізіп, өндірістік және әлеуметтік сала   нысандарымен танысып қайтуды көздейді.

Кездесулер барысында «Нұр Отан» ХДП, «Ақ Жол»ДКП, ҚХКП фракцияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясының парламентшілері Палатаның заңшығарушылық жұмысы туралы сайлаушыларға баяндап береді. Саяси партиялардың белсенділерімен пікір алмасылып, партиялардың қоғамдық қабылдаулары мен ұлттық-мәдени орталықтарында азаматтарды қабылдаулар жүргізіледі.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шпанов Еркін Мажитұлы, Өтемісов Шавхат Әнесұлы, Оразов Самиғолла Хамзаұлы, Киянский Виктор Владимировичтер өңірімізге келіп, жұмыс сапарларын бастады. Өңірімізге келген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жұмыс сапары алдымен, облыс басшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевпен кездесуден басталды. Шараға «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аубекеров Аққали Үмбетқалиұлы қатысып, өңіріміздегі жасалынып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жұмыс сапары Бөрлі ауданында жалғасты. 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамытубағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау, осы орайда жасалынып жатқан бірқатар жұмыстармен танысу барысындаМәжіліс депутаттары ауданда салынып жатқан емхана мен 10 шағынаудандағы көп пәтерлі тұрғын үй құрылысымен және «Нұр Отан» ХДП Бөрлі аудандық филиалы ғимаратымен танысты. Мәжіліс депутаттарын аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы  қарсы алып, ауданның барлық тыныс-тіршілігімен жіті таныстырды. Бөрлі ауданы Ақсай қаласында «Қарашығанақ – 1» шағын ауданында салынып жатқан 75 және 90 пәтерлі екі үй құрылысы осы жылғы күзде аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал ауданда салынып жатқан емхана құрылысы негізінен осы айдың басында аяқталуы тиіс болатын, бүгінгі таңда 90 пайызы бітіп, осы айдың аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Осы секілді бірқатар ғимараттардың құрылысымен танысқан Мәжіліс депутаттарының кезекті жұмыс сапары Теректі ауданында жалғасты.

Аудан жұртшылығының хал-ахлауын, аудандағы Елбасы саясатының қаншалықты дәрежеде қолдау тауып, берілген тапсырмалардық орындалу деңгейін бақылау мақсатындағы бұл жұмыс сапары Теректі ауданы бойынша дәнді-дақылдарды тамшылап суару нысандарын аралап, ауылшаруашылығын дамыту бойынша жасалынып жатқан жұмыстармен танысты. Осы орайда аудандағы «Оралагросервис ШҚ» ЖШС-да болып, бірқатар нысандарды аралады.