Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"Мақат тынысы" газеті. 2013 жыл 25 қыркүйек "Нұр Отанның" доктринасы талқыланды
Мақат тынысы газеті

Мақат тынысы газеті. 2013 жыл 25 қыркүйек

«Нұр Отанның» доктринасы талқыланды

Елбасының «Қазақстан-50» Стратегиясын табысты жүзеге асыруға мемлекеттік бағытының тұрақтылығы мен баяндылығын қамтамасыз ететін «Нұр Отан» Нұрлы болашақ жолында! атты «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасын талқылау мақсатында еліміздегі бастауыш партия ұйымдарының кезектен тыс конференциялары ұйымдастырылуда.
Өткен аптаның бейсенбісінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылған ХVІІ конференция отырысына «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының саяси кеңес мүшесі, Қ.Р. Парламент мәжілісінің депутаты Еркін Шпанов, облыстық партия филиалының саяси кеңес мүшесі Сайын Қуанышев, аудан әкімі Ерболат Умаров, аудандық партия филиалы төрағасы Полымбет Хасанов төралқалық жасап, сайланған 110 делегаттың 108 — і қатысты.Конференция жұмысын жүргізген П.Хасанов күн тәртібінің жұмыс регламентімен таныстырып, партияның кезектен тыс ХVІІ конференциясының Мандат комиссиясының төрайымы, конференция делегаты Г.Сатаева баяндама жасады.
Мұнан соң, «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа міндеттері туралы П.Хасановтың, «НұрОтан» Нұрлы болашақ жолында! «НұрОтан» партиясының саяси доктринасы туралы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ә.Мендалиеваның баяндамалары тыңдалды.
Алдағы қазан айының 18- не жоспарланған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХV съезі алдында дайындалған жаңа саяси Доктринаның тәуелсіздік жылдарында қазақстандық қоғамның қалыптасқан идеялары –еркіндікті, қоғамдық келісімді, әділдікті, заңның салтанат құруын, отбасы мен дәстүрді, болашаққа деген ұмтылысты бекітуге бағытталған құндылықтары сараланды.
Конференция регламентімен жарыссөзде партия мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жолмағамбетов, «Балбөбек» балалар бақшасының меңгерушісі Г.Медыева, аудандық ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің маманы З.Қайыровтар доктрина туралы өз пікірлерін білдіріп, ұзақ мерзімді болашақтағы партия қызметінің басты принциптері, негізгі құндылықтары мен басты басымдықтары нақты қарастырылған стратегиялық сипаттағы құжаттың маңызын тарқатты.
Делегаттар алдында сөз алған Парламент мәжілісі депутаты Е.Шпанов елімізде 2001 жылы қабылданған алғашқы доктринаның өміршеңдігіне тоқталып, бүгінгі «Нұр Отан» партиясының қабылдағалы отырған жаңа доктринасының келешек қоғам игілігі үшін маңызды тұстарын саралады.
Депутат 50 елдің қатарына енген тәуелсіз мемлекетіміздің қарышты қадамдары қуатты экономикамызды құра білген ел бірлігінің нәтижесі болса, «Нұр Отан» партиясы доктринасына конференция делегаттары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, толықтыру барысында кемел тұжырым болады деген сенімін білдірді.
«Жолды жүрген біледі»-дегендей, сөз арасында Мақатқа келер жолдың жайсыздығы уақытын ұттырғанын ескеріп, жол бойы Парламент мәжілісіндегі әріптестеріне телефон шалғанын да жасырмады. Ондағы мақсаты Мақат пен Доссор аралығындағы «жыр» ғып жүрген 17 км. жолдың мәселесін көтеруі болса, жиынға қатысушы тұрғындардың қошеметінен үміттері үкіленгені аңғарылды.
Сонымен қатар, күн тәртібіне қойылған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы саяси кеңес мүшелерінің құрамына енгізілген өзгерістер мен Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХVІІ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері талқыланып, қаулы қабылданды.
Мұнан соң мәжіліс депутаты аудандық партия филиалы өкілдерімен бірге азаматтарды қабылдады.

Л.МЫҢБАЙҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген: Б.ЖАЛМҰХАНОВ