Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қызылорда қалалық "Ақмешіт" апталық газеті. 05.12.13. САЛТАНАТҚА САП ТҮЗЕГЕН ШЕРУ
Қызылорда қалалық «Ақмешіт» апталық газеті

Қызылорда қалалық «Ақмешіт» апталық газеті. 05.12.13

 

САЛТАНАТҚА САП ТҮЗЕГЕН ШЕРУ

 

         Өткен аптада ҚР-ның тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Тұңғыш Астана атауымен тарихта қалған Қызылорда қаласының жалынды жастары Тұңғыш Президент саябағынан Орталық алаңға дейін авто-шеру ұйымдастырды.   

         Тұңғыш Президент саябағынан бастау алған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, құрметті қонақтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксікбаев, Сейтсұлтан Әйімбетов, Бақытжан Ертаев, Еркін Шпанов, қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «Сырдария – Авто» ЖШС ұжымы, облыстық дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері, білім, балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, Қызылорда Студенттер Альянсы, «Жасыл ел» қоғамдық бірлестігі, «Жас отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Е. Меңлібаев құттықтау сөз сөйледі.

         Концерттік бағдарламадан соң, аталған шараға қатысушылар Тұңғыш Президент саябағынан Сұлтан Бейбарыс, Жібек жолы, Абай даңғылы, Алтынсарин кинотеатры, Жақаев көшесі арқылы Орталық алаңға келді.

         Саяси мәні зор айтулы күнге арналған салтанатты шеруде 200 велошабандозшы, «Сырдария – Авто» ЖШС-нің 16 автокөлігі сап түзеді.

         Ал, мұнан соң жастар орталық алаңда флешмоб акциясын ұйымдастырып, шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен айшықталды.

                                                                                              Г. Қожахметова