Құрметті Ғалым Қамашұлы !
Сізді 60-қа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осынау ерекше күнге жақсы азамат атымен, ел игілігі үшін атқарған еңбегіңіздің мол жемісімен жетіп отырсыз.
Сіз Кеңес Одағы кезінде көршілес Ресей жерінің қорғаныс саласына да көп еңбек сіңірдіңіз. Әлемге әйгілі, Капустин Яр қаласындағы стратегиялық бағыттағы зымыранды - әскери полигонында дивизия командирінің орынбасары деңгейіне көтеріліп, полковник шенін иелендіңіз. Бұның барлығы Сіздің ерен еңбегіңіз бен қайраттылығыңыздың арқасында қол жеткізген жетістіктеріңіз.
Одақ тараған тұста, Қазақстанның Қарулы күштеріне қызмет жасап, өз ісін жақсы білетін қабілетті жетекші, жақсы ұйымдастырушы ретінде көрініп, өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім тәрбие беріп, білім нәрімен сусындату жолында да көп еңбек сіңірдіңіз.
Ал, бүгінгі таңда, еңбегіңіздің жемісінің арқасында зейнеткерлікке шықсаңыз да, Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жолында еңбек етіп келесіз.
Осынау айтулы күнге, жолдасыңызбен бірге қол ұстасып, қатар жүріп жеттіңіздер. Ұрпақ өсіріп, немере тәрбиелеп отырған үлгі тұтарлық жансыздар.
Мерейлі жасқа жетіп, даналықтың төрінен орын алған шақтарыңызда, төккен терлеріңіздің жемісін көріңіздер дегіміз келеді. Дендеріңіз сау, ғұмырларыңыз ұзақ, отбасыңыздың аман болуын тілейміз.
Құрметпен,
Халық Қаһарманы
«Қарулы Күштерінің Ардагерлері»
Республикалық қоғамдық бірлестігінің
Төрағасы, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Ертаев
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты Е. Шпанов
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі 08. 10. 2014 жыл