Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
17.01.2015. "Егемен Қазақстан" газеті ТАС ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУГЕ КӨМЕК КЕРЕК
17

17.01.2015.

 

«Егемен Қазақстан» газеті

 

ТАС ЖОЛДЫ ЖӨНДЕУГЕ КӨМЕК КЕРЕК

  

 

Атырау облысы – тарихы терең, шежіресі - бай, талай ұлылар кіндік кескен киелі өңір. Жылыой ауданында - Ақмешіт дейтін қа­сиетті мекен бар. Киелі Ақмешіт жерінде ХІХ ғасырдың бас кезінде, Жем өзенінің оңтүстік бетінде, биік төбенің басында орналасқан Бекет ата салған жер асты мешіті бар. Бұл Бекет атаның кіндік қаны тамған қасиетті жер. Атасы Жаналы, әкесі Мырзағұл мен анасы Жәния, ұлы Тоғай мәңгілік тыныстаған мекен бұл.

       Ақмешіт - өткен ғасырдың әсем өрнегіндей бүгінгі мешіттердің көріктісінің бірі. Осы киелі жерге сыйынып,  бабаның басына түнеп, оның рухы желеп-жебей жүрсін деген сеніммен, еліміздің түкпір түкпірінен,  одан қалса көршілес Ресей жері мен өзге де шетелдерден жылына сан мыңдаған халық тәу етуге барады. Өкінішке орай, қанша жұрт бабаның басына жету үшін жол азабын тартып келеді. Өйткені бабаның басына барар жолды тіпті, жоқ деуге болады. Ұлт болып ұйығанымыздың белгісі ретінде, арғы-бергі тарихымыздың ірі тұлғаларына баға берудің нақты тарихи мүмкіндіктері ашылған тұста, біз барымызды бағалай білуді үйрену үшін, осындай озып туған ардақтыларымызды, рухани көсемдерімізді есімізден тыс қалдырмауымыз  керек.

          Қазіргі таңда, егеменді еліміздің киелі жерлері мен ұлтжанды бабаларымыздың тарихын өскелең ұрпаққа жеткізудің маңызы зор. Осы орайда, Құлсары – Ақкиізтоғай аралығындағы 34 шақырым тасжолды жөндеуден өткізіп, Ақкиізтоғай - Ақмешіт аралығындағы 31 шақырым қазба жолының /грейдер/ орнына тас жол салуға, сөйтіп, бабалардың басына барушылардың кедергісіз жетуіне жағдай жасау үшін Үкімет тарапынан көмек керек.

               Еркін Шпанов Мәжіліс депутаты