Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
АЙҚЫН МІНДЕТ, НАҚТЫ ІС САРАЛАНДЫ 10 Сәуір 2012 жыл. "Атырау" газеті
АЙҚЫН МІНДЕТ, НАҚТЫ ІС САРАЛАНДЫ

АЙҚЫН МІНДЕТ, НАҚТЫ ІС САРАЛАНДЫ

10 Сәуір 2012 жыл. «Атырау» газеті

Ақкиізтоғай селолық округіндегі Аманкелді орта мектебінде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты Е.Шпановтың село жұртшылығымен кездесуі  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы ҚР Президенті-Ұлт Көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналды.

Тұрғындар алдында Мәжіліс депутаты Е.М.Шпанов сөз сөйлеп, Жолдауда қамтылған мәселелерге нақты тоқталды, он бағыт бойынша міндеттер кешенін жүзеге асыру, қолжетімді баспана, электрондық жүйе, өңірлерді дамыту бойынша да өз ойларын ортаға салды.

Село тұрғындары биыл қыстың райы қатты болғанын, жол қатынасының қиындық тудырғанын айтып, «Ақбұлақ» бағдарламасының селода тиімді жүзеге асуына, су құбырын әр үйге уақытында тартып беруге ықпал етуін сұрады.

Кездесуде село тұрғындары Т.Мусиев, А.Ершуов сөйлеп, көліктерді техникалық байқаудан өткізуді орталықтандыруда қиындық туындағанын, жолды жөндеп, қалыпқа келтіруге жәрдем беруін сұрады.

Депутат қолдан келгенше қолұшын созатынына уәде берді.