АЛЫС АУЫЛДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ
12 Сәуір 2012 жыл. «Атырау» газеті
Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Шпанов Құрманғазы ауданына келіп, Қазақстан Республикасы Президенттің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға түсіндіріп, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімеледі.
Депутат ең алдымен Жолдаудың басым бағыттары мен сайлау алдында тұрғындармен кездесу өткізілгенде айтылған сауалдар мен ұсыныстары бойынша атқарылған іс-шаралар жөнінде айтты.
Аудандық маслихат хатшысы Р. Сұлтаниязов республикалық қатынас жолдарын жөндеуге және жанар-жағармайға келісім-шарт жасау мерзімі бағаның тұрақты болмауына байланысты тоқсан сайын жасалады, осыны заңдастырып беруіне ықпал жасауды сұрады.
Депутатқа қойылған сұрақтарға, ұсыныс-пікірлерге толықтай оңды жауаптар қайтарылды.
Бақтияр Тілекқабылұлы
Құрманғазы ауданы.