МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА
«Кең жылой» газеті 12.04.2012.
Апта басында ҚР Мәжіліс депутаты Еркін Шпанов пен Асхат Бекенов ауданымызда болып, әрқайсысы бірқатар селолық округтерде халықпен кездесулер өткізді. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндірді. Олармен бірге аудан әкімінің орынбасары І. Елтезеров, аудандық маслихат хатшысы М. Кенғанов, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ү. Жақашев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н. Өмірбаевтар селолық округтерді аралады.