Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН. 02.12.12. № 798 (27869). 6 БЕТ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ - ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН. 02.12.12. № 798 (27869). 6 БЕТ.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУ – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ

БАСТЫ ФАКТОРЫ

 

Еркін Шпанов Парламент Мәжілісінің депутаты

 

Соңғы уақытта әлемде және елде болып жатқан күрделі үдерістер жағдайында мемлекеттің және оның органдарының қызметінде әлеуметтік салаға басты назар аударуға республика басшылығының шешім жасауы заңдылық. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында және оның кейінгі сөз сөйлеулерінде анық көрінеді.    

Бағдарламалық мақаланы ел азаматтары белсенді талқылауын жалғастыруда. Аталған бағдарламаның өзектілігі бірінші кезекте әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық мәртебесімен айқындалады, ол барлық негізгі бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік саясатты тұрақты жетілдіру қажеттігін шарттайды. Әлеуметтік жаңғырту идеяларын ілгерілету және іске асыру мемлекеттің түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға және еліміздің гүлденуіне бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарын сөзсіз айқындайды.

Аталған бағдарламаның қажеттілігі, сонымен қатар, барлық бағдарламалардың өзегінде адамдардың күнделікті қажеттілігі мен перспективалық тыныс-тіршілік басымдықтары: жұмыс, молшылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім беру, бір сөзбен айтқанда адамның әлеуметтік көңіл-күйін, түптеп келгенде, мемлекеттегі әлеуметтік тұрақтылықты анықтайтын өлшемдері бар екенділігімен түсіндіріледі.

Біздің әрқайсымыз үшін аталған бағдарламаның маңыздылығы оның уақтылығынан, уақыт талабынан туындауынан, өйткені тұрақты туындайтын қаржы дағдарысы жағдайларында бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді шешу қажет. Бұл саяси тұрақтылықты өзгертуге қабілетті ықтимал әлеуетті қайшылықтардың алдын алуға, жеңілдетуге және болдырмауға тікелей әсер етеді. 

Әлеуметтік жаңғырту ниеттер туралы теориялық қағида емес, нақты жағдай екенін ерекше атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқаулары мен тапсырмаларында аталған бағдарламаны толық орындау жөнінде мақсаттар, міндеттер, ұйымдастыру-құқықтық және қаржылық шаралар нақты айтылған. 

2013 – 2015 жылдарға арналған бюджеттің осы бағдарламаны іске асыруды есепке ала отырып жасалуы осыны айғақтайды. Мәселен, 2013 жылға арналған әлеуметтік шығыстарға шаққанда 39%-ды немесе 2,4 трлн. теңгені құрайды. Мысалы. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы: оны іске асыруға бюджетте 293,6 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 94,3 млрд. теңге немесе 2012 жылға қарағанда 32 млрд. теңге көп жоспарланған. Білім және ғылым: 1 трлн. 252 млрд. теңге, оның ішінде 2013 жылы – 411,6 млрд. теңге немесе 2012 жылға қарағанда 27,9 млрд. теңге көп бөлінетін болады. 

Бұл әлеуметтік жаңғырту жоқ жерден басталмағанын, мемлекет қоғам өмірінің аталған саласында орасан зор жұмыс жасағанын есте сақтау қажет. 

Парламент Мәжілісінің Атырау облысынан сайланған депутаты ретінде мұны көптеген әлеуметтік бағдарламалардың біреуін іске асыру үлгісінде айтып өтейін. 

Мысалы, 2012 жылы Атырау облысында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен 4,5 мыңнан астам адамды қамту және 2,0 млрд. теңгені игеру көзделді:

- кәсіптік оқытуға 400 адамды жіберу жоспарланды, ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап, облыстың кәсіптік колледждерінде 400 түлекті оқыту толыққанды басталды;

- қайта даярлауға 500 адамды жіберу жоспарланды, оның ішінде бүгінгі таңда қайта даярлауға 525 адам жіберілді. Оқығандар арасынан 426 адам оқуды аяқтады, оның 46-сы – жұмысқа орналасты және оқуын аяқтаған қалған азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде ұйымдастыру шаралары қолға алынуда;

    - біліктілікті арттыруға 150 адамды жібері жоспарланды, қазіргі уақытта біліктілікті арттыруға 147 адам жіберілді, оның ішінде 147 адам оқуын аяқтады, оның 45-і жұмысқа орналастырылды Әлеуметтік жұмыс орындарына 442 адам жұмысқа орналастырылды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, Атырау облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді.

Еуропаның дамыған елдерінде, керісінше, дағдарыс салдарынан әлеуметтік шығыстар айтарлықтай қысқартылып жатыр. Ал, біз негізделген оптимизмге қарамастан, осы бағдарламаны іске асыру – мемлекеттік органдардан да, сондай-ақ, әрбір азаматтан да қауырт қызметті талап ететін қиын және ұзақ үдеріс екенін түсінуіміз тиіс.

Президент өз мақаласында қойылған мақсатқа қол жеткізудің шарттарын айқын белгілеген, солардың кейбіреуін еске салғым келеді. Ең алдымен, бұл, әрине жауапкершілік, кез келген міндетті шешудің басты факторы. Атап айтқанда, жауапкершілік осы бағдарламаны іске асыру үдерісін формализмге, декларациялауға, бір жолғы акциялар мен Президенттің белгілі бір нұсқамалары бойынша іс-шаралар өткізуге әкеліп соғуға мүмкіндік бермейді. Сонымен, әжептеуір қауіп-қатерлерге, әлеуметтік жаңғырту идеясының абырой-беделін түсіруге жол бермейді.

Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм сияқты теріс көріністерді жою қойылған мақсаттарға қол жеткізудің маңызды шарты болып табылады. Мемлекеттік патернализм заманының өткенін біржола түсінген жөн.

Қазіргі уақытта мемлекет өздігімен көтерілуге талпынатындарға және әртүрлі себептерге байланысты өздігімен көтеріле алмайтындарға: зейнеткерлерге, балаларға, мүгедектерге және т.б. қол ұшын береді.

Осы бағдарламаны ойдағыдай іске асырудың сөзсіз факторы – бұл әлеуметтік жаңғырту бойынша Мемлекет басшысының тұтқалы нұсқамаларының әрқайсысына нормативтік-құқықтық аспектілерді егжей-тегжейлі әзірлеу. Осыған байланысты әлеуметтік стандарттар мен әлеуметтік құқықтар кепілдіктері туралы, әлеуметтік жұмыс орындары туралы, азаматтық қызмет туралы және т.б. заң жобаларын әзірлеу бірінші кезекте болуы тиіс.

Бұл ретте біздің, Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында үлкен жұмыс күтіп тұр, оны белсенді орындау басталды.

Әлеуметтік жаңғырту – бұл елес емес, керісінше әлеуметтік әділдік пен азаматтық татулық қағидаттарын баянды ету жолында еліміздің гүлденуі үшін толығымен нақты қол жеткізілетін мақсат.

 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Е. Шпанов