Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзі
12

12.03.2014.                            10-00.                  Мәжілістің жалпы отырыс залы

 

 

Құрметті әріптестер, Құрметті төраға!

 

«1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының

Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңының жобасы бойынша баяндама

 

         Аталған заң жобасының маңыздылығы мен негізділігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің талаптарымен анықталады.

Өткен 2013 жылы еліміздің біраз аймақтары әр түрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болды.

         Не бәрі 11 айдың ішінде ТЖ Министрлігінің күші  51 410 авариялық - құтқару жұмыстарына шыққан.

6 236 адам құтқарылған.

6277 адам ТЖ аймағынан көшірілген.

3346 зақымданған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

 

         Ескерту және сақтандыру шараларының сапалы жүргізілуіне байланысты 2012 жылмен салыстырғанда ТЖ 16,7 %, жағымсыз салдардың нәтижесінде қайтыс  болғандар 10,8  %, апат болғандар 11,1 % азайған.

 

         Ресей мен Қазақстан арасындағы бірігіп ақпарат алмасу мен келісу арқылы жасаған шаралардың арқасында 2013 жылы 30 табиғи өрттер тоқтатылды.

 

         РФ мен Қазақстан арасындағы ТЖ-дың алдын алу мен оларды жою жұмыстарының нәтижелі болуы үшін және авариялық – құтқарушы қызметтері мен құрылымдарының мемлекетаралық шекарадан кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібін қамтамасыз ету үшін біз бұны заңды түрде нақтылап алуымыз қажет.

         Заң қабылдаған жағдайда  әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды

Осының бәрін ескере отырып, заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын