2013 жылғы 30 қазанда жарияланды
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Н. Ахметовке
Құрметті Серік Нығметұлы!
«Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасын түсіндіру үшін Атырау облысының Мақат ауданына жуырда барған сапарымыздың барысында партия мүшелері мен тұрғындардың қойған өткір сұрақтардың бірі Мақат-Доссор автожолының жай-күйіне байланысты болды.
Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань РФ» автожолының Мақат пен Доссор кенттері арасындағы 17 шақырым жері ұзақ жылдардан бері апатты жағдайда қалып отыр.
Бұл ретте Мақаттың өнеркәсіп ауданы екендігін атап көрсету қажет. Қазақстанда алғаш өндірілген мұнайдың отаны да осы жер. Соңғы жылдары Қарабатанда зауыт құрылысының салынуы экономикаға жаңа серпін берді.
Осы мәселені шешудің экономикалық қана емес, әлеуметтік те мәні бар. Бұл ауданды сыртқы әлеммен байланыстыратын бірден-бір жол. Жолдың осы учаскесін жүріп өту автокөліктің сыну мүмкіндігімен қатар, адамдардың қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді, ал күз-қыс уақытында онымен жүру іс жүзінде мүмкін емес. Осының бәрі халықтың арасында әлеуметтік ширығуды және өңірдің, оның ішінде Мақат ауданының мемлекеттік бюджетке және еліміздің экономикалық жетістіктеріне қосып отырған үлесін ескергенде, негізді түсінбеушілікті туындатады.
Облыс басшылығының, ҚР Парламенті депутаттарының Үкіметке бірнеше рет өтініштері оң нәтиже берген жоқ. ҚР Үкіметі 2011 жылдың басында 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үйлестірілген салалық бағдарлама Атырау облысында жалпы құны 16,9 млрд. теңгенің бірқатар жобаларын жүзеге асыруды көздейді деп мәлімдеген болатын. Бірінші кезекте, бұл республикалық маңызы бар Атырау - Астрахань автожолын қайта жаңарту және Доссор – Мақат жол учаскесін күрделі жөндеу болатын. Жобалау-сметалық құжаттамалар дайын.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сізден республикалық маңызы бар Мақат және Доссор кенттері арасындағы жол учаскесін күрделі жөндеу үшін 2 020 млрд. теңге мөлшерінде қаржы қаражатын бөлу туралы мәселені қарауыңызды және шешуіңізді сұраймыз.
Ізгілікпен, Е. Шпанов
Ж. Дүйсенғалиев
А. Бекенов
Орын.: Ә. Юсупова 746406