23.04.2014 жылы
жарияланған
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ Министрі
Ұ. Қарабалинге
Депутаттық сауал
Құрметті Ұзақбай Сүлейменұлы!
Адамдардың денсаулығына, бүкіл Орал-Каспий бассейні экожүйесінің жағдайына теріс әсерін тигізетін Атырау өңірінің маңызды экологиялық проблемалары жайлы көптеген жылдар бойы айтылып келеді. Мұнай өндіретін компаниялар өкілдерінің бекітулері бойынша қоршаған ортаны қорғау – стратегиялық қондырғылардың бірі.
Мысалы, болашағы жоқ болып қалған немесе мұнайы таусылып ондаған жылдар бұрын қараусыз қалған ұңғымалар баяу әрекет ететін миналар сияқты Каспий теңізінің жағалауында шашылып жатыр. Ескі ұңғымалардан экологияға өлшеусіз залал келтіретін мұнай немесе газдың бұрқағы атқылауы мүмкін.
Оларды құрлықта бұрғылады, алайда теңіз деңгейі көтерілген тоқсаныншы жылдары ұңғымалардың бір бөлігі су астында немесе су басуы ықтимал аймақтарда қалды. 2004 жылы қауіпті ұңғымаларды жою бағдарламасына мемлекет 3 миллиард теңге бөлді. Бес жыл ішінде 47 ұңғыманы жойып үлгерді. 2009 жылдан бастап жұмыстарды қаржыландыру тоқтатылды.
Қазіргі кезде қанша ұңғыманың бар екенін ешкім білмейді, өйткені ешқандай зерттеу жүргізілген жоқ. Әртүрлі көздердің деректері бойынша Атырау облысының аумағында, Каспий теңізі айдының солтүстік бөлігінде цифрлар 1400-ден 2000-ға дейін өзгеріп тұрады.
Қараусыз қалған ұңғымалардың мәселесі, тек Атырау облысында өткір болып тұрған жоқ. Ол көршілес жатқан Маңғыстау облысында да аз емес. Онда 229 ескі ұңғымалар су астында қалған және бірнеше жүзі су басу қаупі бар аймақтарда орналасқан. Бұл мұнайлы аймақтың ортақ қасіреті.
Бұрғыланған ұңғымалар санын, олардың жағдайын және олардың ішінде қаншасы су басу аймағында тұрғанын анықтау үшін тез арада зерттеу қажет.
Он жылда металды тот басып және бүгінде осындай ұңғымалардың әрқайсысы – бұл болжап білмейтін экологиялық қауіп. Әсіресе агрессиялық су ортасында тұрғандары қауіпті. Теңіздегі қараусыз қалған ұңғымалардан мұнайдың ағуы Оңтүстік-Батыс, Тәжіғали және Прибрежный кен орындарында болды. Оларды консервация жасау үшін, орасан зор күш-жігерді қажет етеді.
Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы проблеманы зерделеуді және батыс өңірлердегі қараусыз қалған ұңғымаларды жөнге келтіруге тапсырма берді. Мұнай және газ министрлігі ескі ұңғымаларды жоюға қаражат бөлеміз деп уәде берді. Алайда, бүгінгі таңда нақты іс-қимыл байқалмайды, соның салдарынан өңір тұрғындарында осы проблеманың шешілетіні немесе неғұрлым ұзақ мерзімге ауыстырылатынына күмән тудырып отыр.
Мүмкіндікті пайдаланып және біздің сайлаушылардың тілектерін орындау мақсатында, Сізден осы маңызды міндетті шешуге жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.
Ізгілікпен, Е. Шпанов
Ж. Дүйсенғалиев
Г. Сейтмағанбетова
Г. Шегельский
Орын: Ә. Юсупова 746406