Атырау қалалық № 11 Ы. Алтынсарин
атындағы орта мектебінің директоры
Ш.Б. Имашеваға
Ұстаздар мен оқушылар ұжымына
Мекен жайы: Атырау қаласы
Ж. Елеуісов көшесі, 69 үй
Құрметті ардагер ұстаздар, мұғалімдер және оқушылар!
Сіздерді Алтын Ұя мектебіміздің құрылғанына 60 жылдық салтанатты мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!
Күндер сырғып, жылдар жылжып өтіп жатқанмен, білім нәрімен сусындатып, жанымызды қайырымдылыққа тәрбиелейтін, өмірлік азық жинап-қуат алатын, болашаққа сеніммен қарауға үйретіп, қиын да қарбаласы мол дүниенің барлық қыр-сырын үйрететін қымбатты да, сүйікті Алтын Ұя мектебіміз - әрбір азаматтың жадынан еш уақытта өшпейді!
Қаншама жылдар өсте де, балалық - балғын кезіміз бен жастық шағымыздың қайталанбас күндері өткен - мектебіміз, біз үшін әрдайым аса қымбатты.
Биыл, Атырау қалалық №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне 60 жыл толып отыр. Тарих үшін бұл - бір сәт қана, ал көптеген мектеп бітіруші түлектерге, ұстаздар мен оқушыларға – бұл естен кетпес оқиға. Өйткені, мектеп тек қана білімнің баға жетпес қайнар көзін ашып қана қоймайды, ол – әрбір адамның жеке тұлға болып, елінің патриоты болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Ұлы Абай «Тек қана - сана, ғылым, ерік және ұят адамның мәртебесін көтереді», - деген болатын. Осы ең биік жағымды және ерікті қасиеттердің іргетасы мектепте қаланады және алдағы өмірге деген талпыныс пен жетістіктерге жетелейтін де - осы мектеп қабырғасы.
Мені жасампаз ойлауға, өз еркіммен шешім қабылдауға және қиындыққа төтеп беріп, өзіме сенімді болуға тәрбиелеген өзімнің аяулы ұстаздарымды аса жылылықпен, оларға деген аса құрметпен еске аламын.
Жаңа заманға аяқ басқан біздің Қазақстанға, жас және білімді өз елін сүйетін патриоттар керек. 2014 жылдың 11 қарашасында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі! Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», біздің креативті, ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» - деп айтқан болатын. Сондықтан да, оқушыларға осындай мүмкіншіліктерді қолдана отырып - жақсы оқып, белсенді және қайратты, адал және жауапты болуын тілеймін. Халқымыз бен мектебіміздің құндылықтарын, жақсы дәстүрін сақтап қана қоймай оларды көбейтуге үлес қосады деген сенімдемін.
Бүгінгідей салтанатты мерей тойда - барлық ұстаздар ұжымына, мәдени және білімі жағынан зерек ХХI-ші ғасырдың жаңа ұрпағын тәрбиелеу жолында, творчестволық табыс тілеймін! Біздің Еліміздің болашағы - Сіздердің қолдарыңызда!
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
Министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты Е. Шпанов
Орын. Ә.Юсупова 746406