Атырау облыстық Ішкі Істер
Департаментінің бастығы
Полиция генерал-майоры
А.К. Жалмұханбетовке
------------------
Мекен жайы: Атырау қаласы
Азаттық көшесі, 95үй
Құрметті Арман Кеңесұлы!
Үстіміздегі жылдың 18-21 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын халыққа түсіндіру үшін республикалық ақпараттық топпен бірге Жылыой ауданына барып халықпен кездесулер өткіздік.
Осы кездесулер барысында Ақкиізтоғай ауылының азаматтары, аталған елді мекеннің учаскелік полиция қызметкерінің көліксіз, жаяу жүргені жөнінде сұрақ көтерді. Ақкиізтоғай елді мекенінде Ақмешіт орналасқан. Жыл сайын көршілес Ресейден және еліміздің түкпір-түкпірінен бұл жерге сан мыңдаған адамдар бабалардың басына сыйынуға келеді. Халықтың көп келуіне байланысты, сақтық жағдайының да жан жақты қамтамасыз етілгені абзал. Ал, ол жағына бірден бір жауап беруші жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері.
Сондықтан да, осы жағдайларды ескере отырып. көлік мәселесін шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Ізгілікпен, Е. Шпанов
Орын: Ә.Юсупова 746406