Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Премьер-Миністрі К.Мәсімовке 13.05.2015.
2015 жылғы 13 мамырда жарияланды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылғы 13 мамырда  жарияланды

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер - Министрі

К. Мәсімовке

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

 

 «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына азаматтарды қабылдау кезінде маған Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі таратылған агенттігінің  (бұдан әрі - ЭСЖҚКА) бұрынғы қызметкерлері өтінішпен жүгінді.

Ведомствоның таратылуына байланысты 2014 жылғы 18 қарашада жұмыстан босатқаннан кейін оларға жалақының бір бөлігі, сондай-ақ 4 айлық жалақы мөлшерінде есептелетін өтемақы төлемдерінің төленбегендігі олардың өтініштерінің мәні болып табылады.

Олардың наразылықтарының негізді екенін, олар тиісті өтініштерін білдірген Қаржы министрлігі де, Бас прокуратура да таныды. Төлемдерді кідіртуді олар заңнамада көзделген тарату рәсімдерін жүргізу  қажеттілігімен түсіндірді.

Бұған қоса, олардың талаптарының заңдылығын Астана қаласы Сарыарқа ауданы сотының шешімі де растады.

 Сонан соң, Қаржы министрлігі ЭжСЖҚКА бұрынғы қызметкерлерінің жұмысын жоғалтуға байланысты жалақы мен өтемақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап-арызына 2015 жылғы 16 наурыздағы өзінің  наразылығында, қазіргі уақытта Қаржы министрлігі  берешекті өтеу бойынша қаражат бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін  айқындау туралы ұсыныс енгізгенін, оған осы қаражат таратылған ЭжСЖҚКА  бұрынғы қызметкерлерінің алдындағы берешекті өтеу үшін аударылатындығын хабарлады.

Алайда, осы уақытқа дейін таратылған ведомствоның бұрынғы 1200 қызметкері оларға тиесілі ақшалай төлемдерді алған жоқ және олардың өкілдері маған қайта өтініш жасап отыр.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты Сізден таратылған ведомствоның бұрынғы қызметкерлеріне жалақының бір бөлігін және өтемақы төлемдерін төлеуге байланысты осы мәселені шешуді жеделдетуге жәрдемдесуіңізді сұраймын.

 

 

Ізгілікпен,                                                                            Е. Шпанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын: Ә.Юсупова 746406