2012ж. 02.22 жарияланды
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !
Өзіңізге белгілі «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру барысында,, жастар саясатын іске асыруға қатысатын мүдделі органдардың іс-әрекетін үйлестіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен туындаған болатын.
Осыған орай, 2009 жылы Үкіметтің Қаулысымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары бойынша ауылға жұмыс жасауға келгендер үшін, біржолғы көтерме ақы және баспана алуға жеңілдікпен несие бөлу және т.б. жеңілдіктер қаралған. Қолына дипломын алып, ауылға келген жастар үшін «Дипломмен ауылға» жобасының ауыл жастары үшін табылған ақыл, жақсы жаңалық болғаны рас. Қарап отырсақ бұл аз жеңілдік емес.
Бірақ, қазіргі таңда ауылға тек қана мұғалім, дәрігерлер ғана зәру емес, басқа да мамандық иелері көптеп қажет. Мәселен, ауылға көбіне ел экономикасының аграрлық саласын жоғарылататын білікті мамандар өте қажет. Бұл жақсы бастама болғанымен, ауыл шаруашылығына тікелей қатысты мамандардың жобаға енбегендігінен, тиісті нәтижесін бере алмай отыр деп санаймыз.
Сондықтан да, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыда аты аталған жобаға:
1. Ауылдық жерлерге қажетті ауыл шаруашылық мамандарының саласын, яғни агроном, зоотехниктер, ветеринар, экономисттер мен инженерлерді қосу;
2. Бұл жоба шеңберінде жас мамандар тұрақты 5 жылдан кем емес жұмыс жасаса, отырған үйлерін жекешелендіру құқығымен қоса жаңа қызметтік тұрғын үй құрылысын салуды ұсынамыз.
Жауапты заңда белгіленген мерзімге сәйкес жазбаша түрде жолдауыңызды сұраймыз.
Құрметпен, Е. Шпанов
Ж. Дүйсенғалиев
А. Рысқали
А. Бекенов
Орынд: Ә. Ж. Юсупова
Тел. 746406