Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2012 жылғы 22. ақпанда жарияланған Депутат Е. Шпановтың сауалына Қазақстан Республикасы Премьер-Министр К. Мәсімовтың жауабы
Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің депутаттарына

 

2012 жылғы  23 ақпандағы №ДЗ-81

 

 

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің 2012жылғы 22 ақпандағы Казақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында жария етілген ауылдық елді мекендер мамандарын ынталандыру мен әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймыз.

Ауылдық влді мекендерге агрономдарды, зоотехниктерді, ветеринарларды, экономистер мен инженерлерді тарту жөнінде

«Дипломмен - ауылға» жобасы елде 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Бастапқыда бұл жоба ауылдық елдімекендерге білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларға жас кадрларды тартуға бағытталған болатын.

Осы жобаның тиімділігін ескере отырып, ал бұл 18 мыңнан астам маманды тарту, олардың ішінде 75 % педагогтар, 20 % денсаулық сақтау мамандары құрайды, сондай-ақ, ветеринариялық қызметті одан эрі дамыту мақсатында, ағымдағы жылдан бастап осы жоба ветеринария мамандарын тарту кезінде де таратылатын болады.

Мемлекеттік мекемелердің ветеринариялық мамандарға ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу жэне тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына берілетін ұқсас шаралар, элеуметтік қолдау шаралары көзделеді.

Ағымдағы жылы ауылдық елдімекендерге осындай 446 маманың келуі болжануда, оларды элеуметтік колдау үшііг 2012 жылғы арналған республикалық бюджетте 1,2 млрд. тенге көзделген.

Сіздердің сауалдарыңызда көрсетілген ауылдық елдімекендерге агрономдарды, зоотехниктерді және басқа да мамандарды тартуға катысты айтсақ, бұл мәселе жан-жақты зерделеуді талап етеді.

Мысалы, жоғарыда көрсетілген мамандардьң көпшілігі мемлекеттік емес секторға айрықша қажет, ал әлеуметтік қолдау сияқты шаралар мемлекеттік мекемелерде істейтін мамандарға беріледі. Сондай-ақ, бұл мәселені ауыл халқын тиімді орналастыру, көші-қон ағымдарын реттеу контекстінен караған жөн.

Айтылғанды ескере отырып, мен Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, өңірлер әкімдеріне Сіздер көтеріп отырған мәселені зерделеуге және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөнінде тапсырма бердім.

Жас мамандармен қызметтік тұргын үйлерді жекешелендіру мәселесі жөнінде

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақттарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 6-тармағына сәйкес ауылдық елді мекендерге тартуды ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет, спорт жэне ветеринария мамандары қызметтік түрғын үймен, не қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) шешімі бойынша жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бұл ретте, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үй берілген адам, оны заңнамамен белгіленген тәртіппен және шартымен жекешелендіруге құқылы.

Қазіргі уақытта «Дипломмен - ауылға» жобасына қатысушылар - жас мамандар әлеуметтік қолдау шаралары ретінде көтерме жәрдемақымен жэне 15 жыл мерзіммен 0,01% жылдық жеңілдетілген сыйақы ставкасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын: үй сатып алуға арналған кредитпен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, мамандардың нақты ауылдық елдімекенде кемінде 5 жыл уақыт жұмыс істеп болған соң осы кредитті мерзімінен бұрын өтеу кұқығы бар.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жі.ілғы 12 қантардағы № 540 Заңының қабылдануымен жас мамандарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шарттарда тұрғын үйді салуға арналған бюджеттік кредитті пайдалану мүмкіндігі де берілген.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов