2012 ж. 07 маусым
ДЗ-193
2012ж. 06.06. жарияланды
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы !
Қашағанда 2013 жылы алғашқы мұнайды алу жоспарланып отыр. Бұл дүние жүзі бойынша іске асырылғалы отырған, аса үлкен әрі технологиялық жағынан өте күрделі жоба.
Осыған орай, жобаның орындалу барысында оның экологиялық және технологиялық қауіпсіздігі алаңдаушылық тудырады. Шамамен екі жыл бұрын АҚШ жағалауының Мексика шығанағында үлкен техногендік қауіп төндірген зор апат болды. Мұның салдарынан, Мексика шығанағы мұнаймен ластанып, адам өліміне ұшырап, 160 000-дай азаматтар жұмыссыз қалды.
Дегенмен, терең суы бар Мексика шығанағы ашық мұхиттармен ұштасып жатқандықтан, біртіндеп жылдарды артқа тастай отырып, өзінен өзі тазаруы мүмкін.
Дүниежүзілік мұхит суларымен ашық ұштаспайтын, әрі үлкен көл тәрізді болып орналасқан, Каспий теңізінің айдынында осыған ұқсас апат болған жағдайда, бұл өңірдің экологиясы, фаунасы мен флорасынан іс жүзінде ешбір үміт қалдырмайтын, аса үлкен техногендік апатқа әкеліп соқтыруы ықтимал.
Екінші алаңдататын мәселе - жер қыртыстарынан көмірсутектердің сұрыптап алынуына байланысты, жер қабаттарында бос кеңістіктер пайда болып, мұнай шығарушы аудандарда техногендік күшті жер сілкінулердің мүмкін болу қаупі. Бүгінгі таңда, Каспий мен Батыс Қазақстанда жер сілкінудің - жорамал немесе болжау ғана емес, өткен кезеңнен бүгінге жеткен нақты жағдай екені барлығымызға айқын.
Ашығын айтқанда, бұл тек аймақтың флорасы мен фаунасының мәселесі ғана емес, жалпы осында тұратын халықтың қауіпсіздік жағдайы.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Осы айтылғандарды ескере отырып, келесі сұрақтарды қоюға тура келіп отыр:
1) Үкіметте Каспиидегі табиғи және техногендік апатты ескертуге байланысты қандай шаралар қаралуда?
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ірі мұнай жобаларының операторларымен, теңізде және құрылықта потенциалдық техногендік апаттарды жоюын ескерту мақсаттарында өңделген жоспарлары бар ма?
3) Скважиналарды бұрғылауы кезінде апатты жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің техникалық жабдықталуы және дайындығы қаншалықты?
Жауабын заңға сәйкес белгіленген мерзімде жолдауыңызды сұраймын.
Ізгілікпен, Е. Шпанов
Ж. Дүйсенғалиев
А. Рысқали
А. Бекенов
Исп: А. Юсупова
тел.746406