Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі М. А. Құл-Мұхаммедке
6-11-100

6-11-100

31.01.2013.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

мәдениет және ақпарат министрі

М. А. Құл-Мұхаммедке

 

 

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 

Сіз қазақтың рухын әрдайым жоғары ұстанатын, егеменді еліміздің мәдениет саласын басқарып отырған азамат ретінде, аруақты бабаларымыз Құрманғазының 190 жылдық және Махамбет Өтемісұлының 210 жылдық мерейтойына байланысты өтініш жасағалы отырмын.

Ұлттық тарихымыздың ірі түлғаларына баға берудің нақты тарихи мүмкіндіктері ашылған тұста біз барымызды бағалай білуді үйрену үшін аты шулы - Құрманғазы мен Махамбет Өтемісұлы сынды озып туған жалқыларымыздың ересен ерлігін жаһанға жар сала мақтаныш етіп мәртебе көрсетсек деп ойлаймын.

Махамбет Өтемісұлы, 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. –1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген — қазақтың әйгілі ақыны. Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Осы көтерілістің жалынды жыршысы болған. Ол өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болса, Құрманғазы Сағырбайұлы 1823-1896 жылдары Қазақ деген халықты күллі әлемге танытқан. Өзін күллі әлем мойындаған. ЮНЕСКО-ның ұлылар тізіміне еніп, үлкен құрметке бөленген – ұлы  күйші, композитор. Туып-өскен жері Батыс Қазақстанның Жиделі деген жері. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жері. Екеуі де исі қазақтың ардақты ұлдары.

Осындай бабаларымыздың асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Олар тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ. Бірі өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында даңққа бөленсе, екіншісін - бір ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, сахараның даңғыл көкірек, атышулы күйшісі ретінде танимыз.

Екеуі де халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдері мен күйлеріне арқау етті. Саналы өмірлерін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғап, халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған қазақтың даралады еді.

 Махамбеттің  «Мұнар күн», «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса» шығармаларында шаруалар қозғалысының шынайы бейнесін көрсетіп, ел басына түскен ауыртпалықты ашына айта отырып, әрдайым елдікті сақтап қалуға шақырса, Құрманғазының «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты күйлері заманның басқа салған зобалаңының бір-бір бекетін суреттеген.

«Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында Махамбет ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қараса, Құрманғазының «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге ғашық, іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. 

Ел болып етек жеңімізді жинаған, тәуелсіздігімізді экономикалық тұрғыдан беріктете түскен тұста, бүгінгі ұрпақ – біздердің міндетіміз: бізден тарайтын келер ұрпаққа осыншама ұланғайыр жерді иеленуіміз, ел тұрмысын, білігі мен білімін көтерудегі табыстарымыз бен жетістіктеріміз Махамбет пен Құрманғазы сынды бағзыдағы бабаларымыздың ерлігімен, еңбегімен келгенін, молая түскенін жеткізе түсу.

Осы игі істерді жүзеге асыру, ұлтымыздың тілі, діні және мәдениетінің беріктелу жолындағы істері жалғасын табу үшін, Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығы және Құрманғазы бабамыздың 190 жылдық мерейтойын мемлекет деңгейінде, әсіресе Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынборда атап өту артық болмайды деп ойлаймын. Онымен қоса, көптен шешімін таппай келе жатқан Құрманғазы ауданының орталығы орыстың көпесі Ганюшкиннің атымен аталуын жаңғыртып, аталарымыздың атын алуға көмек берсеңіздер.

Құрметті Мұхтар Абрарұлы! Екі ғасырдан аса уақыт өткенменен, осынау текті бабаларымыздың ел есінен шықпауы мен  көрнектілігін болашаққа жеткізу үшін осы қасиетті іске өзіңізден қолдау сұраймын.

 

 

Ізгілікпен,          депутат                                                    Е. Шпанов

 

 

 

 

Орын: Ә. Юсупова тел.746406