Шпанов
Еркін
Мәжитұлы

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР Мәдениет және ақпарат министріне жазылған хатқа жауап
Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Парламенті

 Мәжілісінің депутаты

 Е.Шпановқа

31.01.2013 жылғы

6-11-100 хатқа

 

Құрметті Еркін Мажитұлы!

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне бабаларымыз Құрманғазының 190 жылдық және Махамбет Өтемісұлының 210 жылдық мерейтойына байланысты жазған хатыңыз келіп түсті.

Қазакстан Республикасы Үкіметінің «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» 1999 жылгы 28 қыркүйектегі № 1465-ші Қаулысына сәйкес жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашкы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейінгі жүзжылдықтарда әрб!р жиырма бес жылда аталып өтілетіндгі өзіңізге мәлім.. Осыған байланысты жоғарыда аталған ipi тұлғаларымыздың мерейтойларын республика келемінде Үк1мет каулысы негізінде атап өту мүмкінш болмай отырғандығын хабарлаймыз.

Хатыңызда хабарлағандай, Атырау облысы Құрманғазы ауданынығ орталыгы -Ганюшкин ауылы мен Ганюшкин ауылдық округінің атауларын Құрманғазы ауылы және Құрманғазы ауылдық округі деп өзгерту туралы ұсыныс қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленіп, Атырау облыстык өкілді және атқарушы органдары тарапынан қолдау тауып, Казақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылған жағдайда, бұл мәселелерді Комиссияның кезект1 отырысының күн тәртібіне енгізуге болады.

Сонымен 6ipre ономастика саласының нормативтік-кұқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы ]Президентінің 2010 жылгы 12 карашадагы № 5759 тапсырмасына сәйкес атауларды өзгертуге мораторий жарияланып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленген болатын. Үстіміздегі жылдың 21 қаңтарында аталған Занға қол қойылып, 24 қантарда ресми жарияланды. Алайда осы Занның 2-бабына сәйкес ол алғашкы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткеннен соң ғана қолданысқа енгізілетінін жеткіземіз.        

                                                                                                                                                


Сондай-ақ, бабаларымыздың мерейтойлары республикамыздың әрб!р облысында аталып өтіліп, еліміздің мәдени ошақтары мен шығармашылық ұжымдары өз тараптарынан көптеген мәдени, әдеби, шығармашылық ic-шаралар легіп ұйымдастыруды жоспарлар отыр. Мәселен, Құрмангазы Сағырбайұлының туған жері Батысс Қазақстан облысы жыл бойы күйшінің мерейтойына арналған шаралар кешенін дүркірете өткізіп, баба күйін көгімізге әуелетпек. Нақтырақ айтсақ, мамыр айында «Күмбір, Күм6ip күй төккен» кітап көрмесі, библиографиялық шолу, әдеби сазды кеш, шілде айында аймақтық домбырашылар байқауы, «Күй құдіреті - Кұрманғазы» атты дүлдүл күйшілер сайысы, қазан айында «Күй алыбы - Құрманғазы» және «Нарында күмбірлеген арынды күй» атты мәдени, әдеби сазды кештер, қыркүйек айында «Сиқырлы саусақ» радиохабары секілді ұлы күйшінің рухына арналып, eмірі мен енерінен сыр шертетін тағы да басқа көптеген шаралар өткізілетін болады.

Ал, мамыр айының, 18-інде Атырау облысындағы Исатай-Махамбет алаңында «Күй шepyi» атты ауқымды фестиваль мен оркестрлердің республикалық конкурсынын салтанатты ашылу pәсімі болады. Киелі домбыра орындаушыларының басын қосқан «Ғасыр күм6ipi» атты республикалық домбырашылар сайысы, келесі күні «Сазды шанақ» атты республикалық домбыра жасаушылардың байқауы ұйымдастырылады. Осы мерейтой аясында елімізге танымал, әйгілі Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі Астрахань аймағына Кұрманғазы бабамыздың кесенесіне барып, күйш1 бабамыздың рухына тағзым ететін болады. Бір жұмаға созылған бұл мерейтойлық шаралардың қорытындысында Кұрманғазы, Дина атындағы академиялық халық аспаптар оркестрлері мен Орал, Актау, Актөбе, Нарын халық аспаптар оркестрлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді.

Сондай-ак, 18-ші қыркүйекте аталған облыста батыр бабамыз Махамбет Өтемісұлының 210 жылдық мерейтойына арналып «Ереуіл атка ер салмай» деп аталган мәдени шараның салтанатты ашылуы болады. Осы іспетті мәні мен маңызы зор «Махамбет - егемен елдің өшпес рухы» атты республикалық гылыми-практикалық конференциясы, күйшілер, термешілер арасында Махамбет шығармаларын орындаушылардың республикалық сайысы, Махамбет кесенесіне тағзым ету секілді айтулы шаралар катары жүзеге асырылады.

Қараша айында Алматы қаласында Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің қатысуымен Махамбет бабамыздың мерейтойына орай мерекелік концерт өткізілмек.

Ал, елордамыздағы Ұлттық академиялық кітапханада мамыр айында «Наркескен жырдың жарқылы» және сәуірде «Күмбірлі күйдің атасы» атты тематикалық сөрелер ұйымдастырылып, мұражайлар мен театрларда тұлғалардың мерейтойларына арналған қойылымдар мен түрлі ic-шаралар лгі жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ак, жоғарыда аталған шаралардың лайықты деңгейде ұйымдастырылып өткізілуі министрліктің бақылауында болатындығын жеткіземіз.

 

Министр                                                                       М. Құл-Мұхаммед