Сенат депутаты болып Шымкент қаласынан сайланған. 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.