Өмірбаян
Нұрлан Ілиясұлы Сүлейменов 1946 жылы 22 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақбастау ауылында туған.
1963-1968 жылдары Қазақ политехникалық институтының тау инженері - мамандығы бойынша білім алды.
Сол жылы Оңтүстік Қазақстан геология басқармасында инженер, аға инженер болып еңбек жолын бастады.
1971 жылы Алматы қалалық комсомол комитетініңұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі болды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясыныңқатарына 1972 жылы қабылданды. 1973 жылы Алматы қаласы, Совет ауданы Комсомол комитетініңбірінші хатшысы болып сайланды.
1976-1985 жылдары Қазақстан Компартиясының Алматы қалалықкомитетініңұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық партия комитетініңұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Алматы облыстық партия комитетініңбірінші хатшысының көмекшісі болып еңбек eтті.
1985-1992 жылдары Әуезов аудандық атқару комитетінің төрағасы, Халық депутаттары кеңесінің төрағасы және Әуезов аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
1992-1994 жылдары Алматы қалалық әкімшілік әкімінің орынбасары.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесініңдепутаты болып сайланды.
1995-1997 жылдары Алматы қаласыәкімінің орынбасары, аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
1997-2001 жылдары Алматы қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарма, департамент бастығы.
2001 жылдан Алматы облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
2008 жылдың желтоқсан айынан қ/у дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
«Қазақстанның еңбек сіңіргек қайраткері» атағының иесі, «Құрмет» орденімен марапатталған, медальдардың, құрмет грамоталардың иесі.
Үйленген, төрт баланы өсіріп отыр, немерелері бар.