Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Сүлейменов пен Лаззат Тұрлашовтың осы күндерде Алматы облыстық және Ұйғыр ауданы мәслихаттары депутаттарымен, жергілікті атқарушы биліктің және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен кездесті.
Басқосуда Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясын» Жолдауында белгіленген даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Аймақта ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Кездесу барысында аграрлық сектордың қызметкерлері Шарын өзеніне салынатын біріктірілген су бөгетінің құрылысы, коллекторлық-дренажды арналарды тазарту, шаруа қожалықтарының алманың апорт сортын өсіретін бақтарға субсидия төлеу мәселелерін талқылады.
Сенат депутаттары Елбасының стратегиялық құжатта алға қойған міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі парламентшілер атқарып жатқан ауқымды істерге тоқталды. Сенатор Н.Сүлейменов пен Л.Тұрлашов халықты толғандырып отырған мәселелерді тыңдай келіп, оларды шешуге ықпал етуге назар аударды.