2012 жылдың сәірдің 13-і мен 22-сі аралығында аймақтарға сапар
Алматы облысында жұмыс бабымен сапарда болған Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Сүлейменов Нұрлан Ілиясұлы обылыстың, аудандардың мәслихат депутаттарымен, жергілікті атқарушы биліктің активімен, жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Сенатор кездесу барысында жоғарғы палатаның заң шығару қызметі туралы әңгімелеп, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығы кешенін, қоршаған ортаны қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін қолдау және дамыту жөніндегі қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы хабардар етті.
Талдықорған қаласы, Алматы облысының Сарқан, Балқаш аудандарындағы жергілікті өкілді және атқарушы билік активімен кездесулерде аграрлық саланы, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы әңгімеледі.