Сүлейменов
Нұрлан
Ілиясұлы

Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2013 жылы 20 мамырда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Нұрлан Сүлейменов мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысты.
Сенатор Нұрлан Сүлейменов ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысуда

Сенатор Нұрлан Сүлейменов ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысуда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Нұрлан Сүлейменов Санкт-Петербургте мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі ТМД ПАА тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысуда.

 

Баяндама жасаған сенатор ТМД Парламентаралық Ассамблеясының жұмыс тобы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің аймақаралық ынтымақтастығы туралы конвенция жобасы бойынша жұмыстарға кіріскені туралы хабардар етті. Ол конвенцияның қабылдануы аймақаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау есебінен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылын одан әрі тереңдетуге қызмет ететінін атап өтті.

 

Н.Сүлейменов Санкт-Петербургте сонымен қатар «Экологиялық мәдениет – экологиялық мәселелерді шешудің негізі» тақырыбы бойынша Халықаралық Нева экологиялық конгресіне қатысады. Ол биылғы 21-22 мамырда өтті.

 

Халықаралық Нева экологиялық конгресі трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу, халықаралық экологиялық құқықтарды жетілдіру және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қоғам мен табиғаттың өзара іс-қимылы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаларын жақындастыруға бағытталған.