Ким
Вера
Александровна

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Мен, Ким Вера Александровна, 1982 жылы 30 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келдім.

2003 жылы Алматы қаласындағы Экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірдім және 2017 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университінің «Әлеуметтік білім» бойынша магистрі дәрежесін алдым.

Волонтерлік бойынша халықаралық тренерлік сертификатым бар.

IPMA level С жобаларының сертификатталған басшысы.

2003 жылдан бастап Павлодар қалалық әлеуметтік-волонтерлік орталығында директордың орынбасары лауазымында ретінде жұмыс істедім, ал 2005 жылы 2006 жылға дейін осы орталығының директордың міндетін атқарушысы болдым.

2006 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» Төраймы болып жұмыс істедім.

2010 жылы 2012 жылға дейін - Қазақстан Азаматтық альянсының Волонтерлік бағдарламалардың директоры.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ұлттық волонтерлік желінің» Төрайымы.

2017 жылдан 2020 жылға дейін – «Zhasproject» Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіру агенттігінің басшысы.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап сегізінші сайланымдарының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін» (29.11.2019 ж.), «Халық алғысы» (19.06.2020 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» (03.07.2020 ж.).