Нұрымова
Гүлдара
Алданышқызы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Өмірбаяны

Нұрымова Гүлдара Алданышқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

1965 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген, бірақ туылған кезден Жамбыл облысы, Тараз қаласында тұрады.

Білімі – жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты.

1982-1988 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина институты, «Емдеу ісі» мамандығы

2004-2006 – «Әулие-Ата» Тараз университеті, экономист

2010 - кандидаттық диссертация қорғау.

Жұмыс тәжірибесі

1988 ж. - Тараз қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасының интерн дәрігері, терапевт дәрігер

1993 - Тараз қаласындағы теміржол ауруханасының терапевт дәрігері, бас дәрігер орынбасары

1999-2020 ж. – «Мейірім» медициналық орталығының директоры, Тараз қаласы.

2021 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

2023 жылдан VIII шақырылымның депутаты, бірмандатты сайлау округі бойынша сайланған, «Аманат» фракциясының мүшесі.

Еңбек жолын бастаған кезден бастап Тараз қаласы мен Жамбыл облысының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

2007 жылы Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған, 2012 жылдан 2020 жылға дейін Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.

1999 жылы денсаулық сақтауды реформалау кезеңінде «Мейірім» медициналық орталығын ашты. Бастапқыда бұл 30 мың тұрғын тіркелген отбасылық-дәрігерлік амбулатория болғанымен, қазіргі таңда медициналық орталық облыстағы алдыңғы қатарлы медициналық мекемелердің біріне айналды, оның құрамына тіркелген 50 мың адамға қызмет көрсететін емхана, 75 орындық көпсалалы аурухана, диагностикалық орталық, томография орталығы және санаторий бар. Медициналық орталықта 3 халықаралық сапа менеджменті сертификаттары бар: СТРК ИСО 9001-2016, 14001-2016, OHSAS 18001.

2010 жылы медициналық орталық өз қаражаты есебінен облыстағы алғашқы магнитті-резонансты томограф орнатты, бұл Жамбыл облысының тұрғындарына өз облыстарынан тыс жерлерге шықпай-ақ анағұрлым сапалы диагностика мен ем алуға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда медициналық орталық ЭКГ аппаратынан бастап ультрадыбыстық хирургия аппараты, мембраналық плазмаферез, цифрлық рентген мен маммограф, төрт магнитті-резонансты және үш компьютерлік томографқа дейінгі ең жаңа заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.

2016 жылы өз қаражаты есебінен ауылдық жерлерде 350 орындық балабақша және 400 балаға арналған мектеп-гимназиясын ашты. Онда балалардың толыққанды дамуы мен сауығуы үшін барлық жағдай жасалған. 150-ден астам жұмыссыз ауыл тұрғындары тұрақты жұмысқа орналасты.

Тараз және Павлодар қалаларында доктор Бубновскийдің оңалту медициналық орталығы ашылды.

2020 жылы Меркі ауданының ауылдық жерлерінде стационар, ауылдық дәрігерлік амбулатория, санаторий және диагностикалық орталық ашылды, онда заманауи жаңа аппараттар – 1,5 Тс магниттік-резонанстық томограф, 80 кесінді компьютерлік томограф, цифрлық рентген, УДЗ орнатылған.

Жалпы 800-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Г.А. Нұрымованың қызметінде қайырымдылық маңызды орын алады.

Біліктілігін үнемі арттырумен келеді. САБИТ бағдарламасы шеңберінде «Медициналық қызметтер саласындағы іскерлік тағылымдама – ауруханаларды басқару және денсаулық сақтаудағы менеджмент» бойынша АҚШ-та іскерлік тағылымдамаға қатысты. Қазақстанда және әлемнің түрлі елдерінде: Ұлыбританияда, Германияда, Түркияда, Үндістанда, Испанияда, Қытайда, Мароккода, БАӘ-де, Францияда, Жапонияда өткізілген іскерлік тағылымдамаларға, форумдарға, конференцияларға, конгрестерге үнемі қатысады. 2018 жылы Сингапур мен Роттердамда Т.Роббинстің 2 бизнес тренингіне, тәлімгерлік бойынша тренингтерге қатысты.

Тұрмыста, екі ұлы бар.

Марапаттары:

- Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасы (2006),

- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2013),

- «Құрмет» ордені (2019),

- «Халық алғысы» коронавируспен күреске қосқан үлесі үшін (2020),

- Жамбыл облысы Әкіміңің құрмет грамотасы (2004, 2007, 2011),

- «Жоғары азаматтық» номинациясы бойынша «Қазақстан патриоты» құрмет белгісі (2012),

- Тараз қаласының құрметті азаматы (2015),

- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі,

- «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» (2015),

- «Тіл жанашыры» құрмет белгісі (2013),

- «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі (2014),

- 7 мерейтойлық медальдар: «10 жыл Астана» (2007), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) және т.б.,

- «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2018),

- Сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін САПА дипломы және сапа белгісі,

- ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының құрмет грамотасы,

- «Мінсіз» халықтық сапа белгісі (2009),

- «Сала көшбасшысы 2013» халықаралық сыйлығы,

- «2007 жылдың үздік әйел-кәсіпкері» номинациясы бойынша республикалық конкурс жеңімпазының дипломы,

- 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасын алып жүруші,

- ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының құрмет грамотасы,

- Басқа да бірқатар құрмет грамоталары мен алғыс хаттар.