Смағұл
Бақытбек

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутатқа хат
01.11.2016 Беков Дастан Салтанұлы: Құрметті Бақытбек Смағұлұлы, 21 Қараша күні Қостанай қаласына іс сапармен келген болатынсыз. Қостанай политехникалық колледжін таныстырған, сол колледждің Жастар ісі комитетінін төрағасы Дастан атты жігіт мен боламын. Дәл осындай хатты бұрын сонды ешкімге жолдамаппын. Өзінізді қүрмет тұтатынымды сол жолы да жеткізген болатынмын, Батыр екенініз дүйім елге белгілі, ал мен сізді қарапайымдылығынызбен қазақилығыныз үшінде қатты силаймын. Ел басына күн туғанда атқа қонып, елім дейтін ерлердін бары біз сияқты жігерлі жастардын рухын көтеретінін жеткізгім келеді!

Ответ депутата:

Құрметті Дастан, інім!

Көрсеткен құрметіңе үлкен ризашылығымды білдіремін.  Сіздерге айтарым,

Уа, жастарым! Терең, текті талғамың.

Жиырмасында жүрегінің түгіндей,

Отыздағы орда бұзар оғыланның.

 

Тап сендердей елдің мұңын ұғатын,

Ерлер керек қазағым деп туатын.

Қаршадайдан сіңіріп өс, қаныңа,

Алашымның арман-тілек мұратын.

 

Шығам десең биік таудың басына,

Мені бар деп есептеңдер қасыңда.

Байланғайсың, байрағыма шашақ боп,

Айналғайсың тот баспайтын асылға.

 

Биік шыңды бағындырар жасыңда,

Бақытыңды бағалай біл басыңда.

Көтерілер бұдан да зор асқарға,

Тұтқа болар сендерсіңдер ғасырға.

 

Жеті атасын жетік білген ерлерім,

Арың таза, тектілікпен өр көңіл.

Алты құрылық көзін тіккен даңқына,
Тоқтатпаңдар Тәуелсіздік керуенін.
31.10.2016 Қуаныш: Ассалаумағалейкум аса құрметі Бақытбек Смағұл ұлы! Мен Абзал ұлы Қуаныш осы жылдың 8-ші қыркүйегі күні Моңғолиядан көшіп келдім. Келу себебім: әйелім Ербол қызы Ардақ «Қазақстан мен Моңғолия» мемлекеттерінің арасындағы келісім шартқа сай, «халықаралық қатынас» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне магистр мамандағы бойынша оқуға келген. Бұл бір. Екіншіден тарихи отаным деп ӨЗ Еліме еңбегімді сіңірейін деп келдім. Өзімде, әйелімде Моңғолияда істеп жүрген жұмысымызды ойланбастан тастап, белді бекем буып тартып отырдық. 5-айлық ұлым бар. Анамды ертіп келгемін. Қазіргі уақытта Астана қаласында пәтер жалдап тұрамыз. Өз басым Түркияда құрылыс инженері мамандығы бойынш 2013 жылы тәмәмдағанмын. Енді жұмысқа орналасайын десем құжатым жоқ. Қол байлау болып тұр. Ықтияр хат алу үшін 02.10.2016 жылы құжаттарымды тапсырғанмын. Ресми органдар келер жылдың қаңтар айынсыз құжат дайын болмайды деп отыр. Құрметті, Бақытбек Смағұл ұлы сізді көптеген адамдарға көмек қолын созатын, әлсізге қорған бола білген, «Батыр» ретінде танимыз. Өзім секілді талай қазаққа қол ұшыңызды беріп, көмектескеніңіз туралы көп естігенмін. Сол себепті, бауырыңызға қолдау көрсетер деген зор үмітпен Өзіңізге хат жазып отырмын.

Ответ депутата:

Құрметті Қуаныш! Хатыңызбен таныстым. 21.01.17 жылы "Нұр Отан"-нің қалалық филиалында қабылдау жүргіземін. Құжаттарыңызды әкеліп, қабылдауыма келуіңізді сұраймын. 

Құрметпен, Б.Смағұл

18.06.2016 Ербол: Құрметті Бақытбек Смағұлұлы! Мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылының тұрғыны Нәжау Ербол. Сізге қояр сауалым төмендегіше. Өзіңізге белгілі ҚР Президентінің 1992 жылғы шыққан Арал ауданы аумағында тұратын тұрғындарға жеңілдіктер туралы заңы. Біз отбасымызбен 1999 жылы Қазалы ауданы Бозкөл ауылынан осында Ақай ауылына қоныстанғанбыз. Арал мен Қазалыда экологиялық жеңілдік айлық жалақысына 50 пайыз ал Қармақшы ауданында 30 пайыз. Негізі заңында былай жазылған Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан бастап Қызылорда облысына дейін 50 пайыздық жеңілдік айлыққа қосылсын деп. Осы мәселені Қармақшы аудандық әкімдігі көтеріп өзіміздік бұрынғы тұрган жерімізден анықтама алдырттық. Енді әлі айлық жалақымызға 20 пайыздық үстеме қосылған жоқ. Осы жағдайды оңтайландырып беруге ықпал жасасаңыз деген ниетіміз бар.

Ответ депутата:

1992 жылғы шыққан Арал ауданы аумағында тұратын тұрғындарға жеңілдіктер туралы заң, экологиялық ахуалға орай қабылданған болатын. Шалқар, Арал, Қазалы аудандары бойынша 50% жеңілдікті қамтыған. Ал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Сырдария, Жаңақорған аудандарында 30% жеңілдік. Қазіргі таңда қай жерде жұмыс істесең сол аудан бойынша ғана жеңілдік беріледі. Бұрынғы анықтама бойынша жеңілдіктер ескертілмейтін болған. 

04.02.2016 Ахметжанов Куаныш Мэлсович: Сәлеметсізбе аға!!! Сіздің патриоттық шығармаларыңызды жанымыз сүйіп оқып өлеңдеріңізді жатқа айтып жүрміз.Былтыр 2015 жылы Астана қаласында өткен "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасында біздің мектептің ұланы республикалық деңгейде орын алып сіздің Бауыржан туралы жазған кітабыңызды бізге сыйға тартқан еді.Ол кітабыңызға Сіз генерал Сабыр Рахымовтың мектебіндегі ұландарды шабыттандару мақсатында өз қолтаңбаңызды жазып бердіңіз. Біз оны мақтан тұтамыз!!! ВТ 15:28 Біздің генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы мектеп биыл ҚР Қорғаныс министрлігіне өтіп " Жас ұлан мектебі" болдық. Яғни қазіргі атауымыз Кеңес Одағының Батыры С.Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі атандық. 2016 жылдың 11 ақпан күні С.Рахымовтың туғанына 113 жыл. Осы атаулы мерекеге орай Сіздің генералға арналған туындыңызды ыстық ықыласпен күтудеміз. Біздің ұландар Сіздің Отан және Б.Момышұлы жайлы жазылған шығармаларыңызды үлкен патриоттық сезіммен оқиды. Осындай шығармаларыңызды темір генерал С.Рахымовқа арнасаңыз төбеміз көкке жететіні анық!!! Егер мүмкіндік болса видео ретінде жолдасаңыз... Алдын-ала рахмет!

Ответ депутата:

Сәлеметсіз бе, хатыңызбен таныстым. Қазақфильм  студиясы мен "Қазақстан Ардагерлері" қауымдастығымен бірлесе отырып, Кеңес Одағының Батыры С.Рахымовқа арналған деректі фильм түсірілді. Фильмнің атауы "Генерал С.Рахимов".

05.05.2015 Булат: Уважаемый, Баке! С удовольствием прочитал Вашу книгу "Король Панджшера" - об удивительной и легендарной личности - Кара майоре. А немногим ранее читал и смотрел фильм "Возвращение в "А". Для меня тема Великой Отечественной Войны и войны в Афганистане священна. Мой дед, Зулкарнаев Сагимбай, участник ВОВ, кавалер орденов Славы II и III степени, а мой отец, Калиев Борис, участник ВОВ - прошел ужасы немецких концентрационных лагерей в течении 3,5 лет и советского ГУЛАГа в течении 10 лет, полностью реабилитирован в годы перестройки. В Афганистане, в 1979 году, в ограниченном контингенте Советских войск, были ребята моего поколения, мои одноклассники, друзья, те, кто после школы пошел служить в армию. В память о своих деде и отце я оформляю музеи Боевой Славы в школах города Алматы: 112, 129, 87, 74, 54. Есть большой творческий потенциал для создания эксклюзивных стендов на военную тематику, возможность создавать панорамные макеты военных событий, оружия. Все меньше и меньше остается в наших рядах ветеранов Великой Победы. Но остаются герои, с честью выполнившие свой интернациональный долг. Их дети и внуки - новое поколение суверенного Казахстана. Прививать им гражданственность и воспитывать в духе патриотизма должны мы. Нашими книгами, нашими фильмами, нашими песнями. Сохранить для них память о Великой Победе в артефактах, показать им героев, их отцов и дедов - это наш долг. Есть желание внести в это свой вклад, свои силы и способности. С уважением, Булат Калиев.

Ответ депутата:

Здравствуйте, Булат! Я полностью поддерживаю Вашу точку зрения и жизненные принципы. 

06.04.2015 Отаралы Көлжан: Мұқағали мұрасын дәріптеуші досыңыз Асқар Наймантаев жайлы айтайын деп осы хатты жолдап отырмын, Бәке.Ол досыңыздың осындай игі істерін өзгелер бұрмалап, өз атынан жасап жүр. Сізге және Сіз арқылы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға құлаққағыс болса деймін. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұстазы, Асқар Наймантаев өзінің шәкірттерімен көрерменге ұсынып жүрген концерттік бағдарламасына "Даусыңды бер, азамат!" - атты әдеби компзиция қосып, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқаны кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасын қолдаушы ретінде өнер көрсететін болады. "Жаужүрек мың бала" фильмінен танымал Асылхан Төлепов пен Аян Өтепбергеннің, "ЕрӘли" дуэті мен Нұрқанат пен Нұркеннің әсем әндері мен Асқар Наймантаевтың репертуарындағы әзілдерден тұратын бұл бағдарламаға халықтың сұранысы бар екенін елге аян. "Ешқандай да елдің, әкімшіліктің тапсырмасы емес, бұл өз таңдауымыз. Өз қалаумызды аттандап, ұрандап жатпай қазақ ақындары мен өзім жазған өлеңдерден құралған Елбасымызды қолдайтын поэзия арқылы білдірмекшіміз" - дейді Асқар Наймантаев. Бұл композиция орындалып жатқанда сахнада экран арқылы жүретін видеороликті де арнайы жасатыпты. Сілтемесін мінеки: https://youtu.be/vmGr0wNIOZk Құрметпен, «Беймарал» күлкі компаниясының директоры: Отаралы Көлжан. beymaral@mail.ru

Ответ депутата:

Салеметсіз бе. Хатыңызды оқып, таныстым. Осы мәселені толық көрсетіп, менің атыма хат арқылы жолдауыңызды сұраймын. Құрметпен, Б.Смағұл

06.03.2015 Дуйсенбин Кайырбек : Құрметті Бақытбек Смағұлұлы. Бізде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылында 2011 жылы 373 немісті өлтірген снайпер Абдрахманов Қуанай туралы материал интернетте бар. Ардагерге елімізден өз бағасын алуға көмектессеңіз екен. Жауабыңызды күтем.

Ответ депутата:

Сәлеметсіз бе, Қайырбек!

Хатыңызды оқып, таныстым. Менің атыма ҚР Парламентке хат жолдауыңызды сұраймын. Хатыңызда қандай іс-шаралар істелді және  не істеу керек екенін нақты атап кетсеңіз дұрыс болар еді. 

Құрметпен, Б.Смағұл

  • * Обязательно для заполнения
  • ** Файл в формате PDF, DOC, JPG(JPEG) не более 15Мб