Әлтай
Аманжол
Дүйсенбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"MIRAS" кеңесінің кезекті отырысы өтті

    Бүгін “AMANAT” партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі “Miras” республикалық қоғамдық кеңесінің отырысын өткіздім.
    Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
    1. Ұлттық құрылтайдың мақсаты мен міндеті.
    2. Отандық ономастика: елді мекендер мен көшелер атауын өзгерту мәселелері.
    Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, Серік Нығметоллаұлы Негимов, Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай, Жанарбек Садықанұлы Әшімжан, Берік Уәли, Динар Жүсіпәліқызы секілді руханият қайраткерлері құрылтайдың жаңа замандағы рөлі, мақсат-мұраты жайлы ойларын ортаға салды.
    Құрылтай - дала демократиясының жарқын көрінісі.
    Құрылтай - келелі кеңестің, ордалы ойдың, пәтуәлі пікірдің, нақты ұсыныстардың, батыл шешімдердің басты алаңы болуы тиіс.
    Құрылтайда айтылған ойлар мен ұсыныстар сараланып, нақты шешімін тауып жатса, халықтың сенімі күшейе түспек.
    Ұлтты ұйыстыратын, халықты тұтастыратын атына заты сай беделді кеңесу алаңына айналуы маңызды.
  Ономастиканың шешімін күткен күрделі мәселелерін Дархан Қамзабекұлы Мыңбай, Алдан Зейноллаұлы Смайыл, Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов, Оразкүл Асанғазы, Бану Нұрғазиева секілді тіл жанашырлары кеңінен қозғады. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Маратұлы Дәуешов ономастика мәселесіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
 Ономастикамен айналысатын ғылыми орталық құру, ономастика туралы арнайы заң қабылдау, Қостанай облысындағы Қостанай ауданына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру секілді нақты маңызды ұсыныстар айтылды.
    #AMANAT
    #ПАРЛАМЕНТ