Әлтай
Аманжол
Дүйсенбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

 

    Бүгін Жезқазған қаласында мәдениет саласының қызметкерлерімен, “AMANAT” партиясының фракция және филиал жанындағы кеңес мүшелерімен кездесу өткіздім.Президенттің жаңа саяси реформасының маңызды бөлігі болып табылатын конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздерін, басты бағыттарын түсіндірдім.
    Халықтың мүддесіне, Мемлекеттің жаңаруына негізделген Конституциялық реформа, азаматтар тарапынан қолдауға ие болуда. Ескі саяси жүйеден түбегейлі өзгеруге мүмкіндік беретін Президенттің саяси реформасы халықтың көптен күткен үміті еді. Алла қаласа сол үміттің ақталар сәті де келіп жетті. Конституцияның отыз үш бабына өзгерту енгізу арқылы отыз жылдағы қордаланған саяси кедергілерден құтылуға, билік пен халық арасында диалог орнатуға,қоғамды демократияландыруға, ел басқару ісінде халықтың ықпалын арттыруға, азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге жол ашамыз.
    Алдағы референдумда бірлгіміз,бір мақсатқа жүгінген ортақ мақсатымыз сынға түспек. Жаңа Қазақстанның жаңғыруы жолында болашаққа бірге қадам басайық. Әділетті ісімізде бірлігіміз бекем болсын!
    Референдум арқылы әр азамат Мемлекеттің жаңару жолын айқындайды. Іске сәт!
    #ReferendumAMANAT