Әлтай
Аманжол
Дүйсенбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы

    Аймақтардағы халықпен кездесудің екінші күні!
    Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы кездесулер ашық сұқбаттарға бағытталды. Әсіресе жастармен кездесуден өзіміз де ерекше әсер алдық. Жастар көптеген көкейкесті мәселелерін алға тартты. Жас отбасылардың жиі айырылысуы, жастардың бизнес бастауына гранттарды көбейту, қоғамдағы белсенділігін арттыру, баспанамен қамту, білім сапасы секілді маңызды мәселелерді бірге талқыладық. Президент ұсынған саяси реформаның басты бағыттарын, Конституцияға енгізілген өзгерістердің өзектілігін түсіндірдік. Жастардың Референдумға қатысу ықыласы жоғары екен. Бұрынғы ескірген саяси моделді түбегейлі өзгертуден бірінші кезекте жастардың күтіп отырған үміті мен талабы үлкен екенін бағамдадық.
    Кешегі күннің басқа кездесулерін парақшама ертең саламын.
    Қайырлы кеш болсын!
    #referendumamanat