Әлтай
Аманжол
Дүйсенбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
"MIRAS" кеңесінің отырысы

    Бүгін “AMANAT” партиясы жанындағы “MIRAS” Республикалық қоғамдық кеңесінің отырысын өткіздім. Келелі жиынымыз бүгінгі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кұрбандарын еске алу күніне орай, ел тарихындағы қасіретті жылдарға арналды. Жиынға келген Парламент депутаттары, министрлік өкілдері, зиялы қауым өзекті ойларын ортаға салды, ұсыныстарын жолдады.
    Бүгінгі күні әр отбасында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шаралары өтуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы бағдарламалар беріліп, мақалалар жазылуы керек. Жалпыға ортақ “Аза тұту рәсімі” енгізілуі керек. Қасіретті оқиға тиісті бағасы беріліп, толық жүйелі зерттелген жоқ.
Тәуелсіздігіміз баянды, мемлекетіміз мерейлі болсын!
Халқымды АЛЛА мұңайтпасын!
#АМАNAT