Әлтай
Аманжол
Дүйсенбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Көлгіновке және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Б.Асыловқа депутаттық сауал

Ұрпағына дұрыс тәрбие бере алмаған халық – тамырына құрт түскен ағаш секілді.  Тамыры бүлінген ағаш шіриді, ұрпағы бүлінген халық іриді.  Қыздың тәрбиесі бұзылса арсыздыққа, ұлдың тәрбиесі бұзылса бассыздыққа бой алдырады.

Жасөспірімдер арасында жантүршігерлік тосын оқиғалардың соңғы уақытта тым жиілеп кеткені – мектептерде, отбасында, бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі мәселесі ақсап тұрғандығын көрсетеді.

Жанымызды түршіктірген, Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыдағы қатты соққылардан  комаға түскен баланы айуандықпен жабылып тепкілеп жатқан жасөспірімдердің озбыр бұзақылығы, Өскемендегі өрімдей  қызды шешіндіріп қойып аяусыз сабап жатқан тәрбиесіз қыздардың жиіркенішті мінездері, Төле би ауданындағы 6-сынып оқушысының азғындық әрекеті – бүгінгі дабыл қағып сөйлеуімнің негізгі себебі.

Осы оқиғалар болған жерлердегі жауапты органдардың шындықты жасырып қалуға ұмтылуы көңілге күдік ұялатып отыр. Әлеуметтік желілерде ел дүрлігіп, жаңғырығы жалпақ жұртқа жайылғанда ғана ресми органдар тарапынан осы оқиғалардың ақиқаты айтыла бастады. Ал, осы іспеттес оқиғалардың қаншасы жабулы қазан күйінде қалып жатқаны бізге беймәлім.

 Ел болашағы – тәрбиелі ұрпақ. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне салғырт қарамауға міндеттіміз.

Ұрпақ тәрбиесінде жіберген қателіктердің түп-тамыры тереңде.

Нақтырақ айтсам: өз баласының тәрбиесіне тікелей жауапты ата-анада, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын балабақшалар мен мектептерде, коледждер мен жоғарғы оқу орындарында, жасөспірімдер тәртібін бақылауға алуға тиісті құзырлы органдарда,қоғамдық әлеуметтік ортада және осылардың бәрін өнегелі тәрбие беру ісіне жұмылдырып отыруға тиіс мемлекеттік билікте.

Енді не істеу керек?

Елімізде ізгілікті, мейірім, қамқорлықты ұлық тұтатын әлеуметтік орта қалыптасуы қажет.

Бұл үшін:

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша ұсынуыңызды сұраймын.