АВЕРШИН
Константин
Викторович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы

«2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаcы бойынша қосымша баяндама

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Есетұлы Оспанов мырза заңның жобасы туралы толық және мәтінді түрде баяндап берді.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріне мүше мемлекеттердің барлық қажетті нормативтік-құқықтық құжаттарын ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін ескере отырып, өзектендіру туралы шешім қабылданғандықтан, Хаттаманы ратификациялаудың мақсаты 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу болып табылады.

Жалпы, осы заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлу көзделмеген.