АВЕРШИН
Константин
Викторович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті

Отырыс барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қайрат Ақтанов халық қалаулыларын құқықтық тәртіп әскерлерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, оларға қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде әскерлердің тыныс-тіршілігіне елеулі әсер ететін бірқатар проблемалар айтылды.

Атап айтқанда, Астана қаласында Ұлттық ұлан авиабазасын, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында және Түркістан облысының Түркістан қаласында әскери қалашықтарды салуға әскерлерді қосымша қаржыландыру мәселелері қозғалды, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерді нығайту үшін қаржыландыруды кеңейту мәселелері талқыланды.