АВЕРШИН
Константин
Викторович

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат К. Авершиннің бастамасымен ҚР Қорғаныс министрлігінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті

    2022 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде «Әскери қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқаты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері» тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті.

    Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың және Бас әскери прокуратураның басшылығы, орталық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері қатысты.

    Кездесуіміздің тақырыбы Жолдаудың және Президенттің сайлауалды бағдарламасының рухына сәйкес келеді. Біз Мемлекет басшысының әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын және әскери қызметтің беделін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша практикалық шараларды бірлесіп әзірлеуіміз керек, - деп түсіндірді жиынның мақсатын Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан.

    Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов депутаттарды ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар, әскерлерді жарақтандыру және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелер туралы хабардар етті.

    Депутаттар қойылған барлық сұрақтарға жауап алды. Талқылау нәтижесінде әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалып, Үкіметке жолданатын болады.