Баққожаев
Анас
Ахатұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Бүгін "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы бойынша маңызды түзетуді қорғадым

Мемлекеттік сатып алу арқылы республикалық бюджеттің үштен бір бөлігі өтеді. Демек, ақшаның ұрланбауын қамтамасыз етеміз әрі коррупциямен күресеміз десек, дәл осы заңда тамыр-таныс деген элементті түбірімен жою керек.

Түсінікті болу үшін нақты екі мысал келтіре кетейін.

Көп ретте өз міндеттемелерін орындамай, халықты алдап кеткен мекемелер қара тізімге кірген соң, басқа тендерлерді ұтып алу үшін жаңа мекеме ашып қояды да, баяғы әдетіне салып, қатыса береді. Ұтса, елді тағы алдап, баяғы әтедіне салады. Сол үшін қара тізімде тұрған ұйымдардың тек басшысы емес, оның құрылтайшылары да, олардың жақын туыстары да «қарабет» қалпында қала беруі тиіс. Демек, оларға жаңа тендерге қатысуға мүмкіндік болмауы тиіс.

Тағы бір мысал. Тендер ойнатып жатқан ұйымдардың басшысы, не өкілі, немесе комиссияның мүшесі конкурсқа қатысып жатқан мекемелердің тек басшысы ғана емес, оның құрылтайшысы немесе солардың жақын туысы болуы мүмкін. Сондықтан жемқорлар құйтырқы схемалардың басқа есігінен кіріп кету мүмкіндігін де жоюымыз тиіс.

Мінекей, осындай және тамыр-таныстықты түбімен жоятын осыған ұқсас нормаларды мемлекеттік сатып алу заң жобасына енгізіп, бүгін қорғап шықтым. Жұмысшы топ жетекшісі мен мүшелеріне рахмет. Олардың да қолдауын тапты.

Жалпы «Ауыл» партиясы өте маңызды толықтыруларды беріп келеді. Фракция депутаттары өте көкейкесті нормаларды енгізуде.