БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2021 жылғы 2 қарашада Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаевтың басшылығымен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігіне байланысты проблемалық мәселелерді талқылау бойынша Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

2021 жылғы 2 қарашада Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаевтың басшылығымен  агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігіне байланысты проблемалық мәселелерді талқылау бойынша Комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

Іс - шараға "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдарының бірінші басшылары - "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А. Ж. Әбенов, "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары А. Б. Джувашев, "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А. Г. Прашев және "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы М. К. Ысқақов қатысты.

АӨК-нін дамыту қаржы институтының өкілдері депутаттық корпусты өз қызметінің негізгі бағыттарымен, қаржылық көрсеткіштерімен, қаржыландыру бағдарламаларымен және ұсынылатын кредиттік өнімдер желісімен таныстырды. 

Іс-шараны өткізу барысында қаржыландырылатын бағыттар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы сақтандыру, ауылдық жерлерде жұмыс жасағысы келетін келетін мамандарға қарыз беру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, депутаттар қаржыландыру көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері мен лизингі бойынша қарыздарды кейінге қалдыру және қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жүйесіндегі өзекті мәселелер жан-жақты және сындарлы талқыланды.