БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға жаңа тәсілдер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел

Аталған іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев және уәкілетті органның басқа да жауапты қызметкерлері, ұлттық экономика, қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері,  Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ  «Атамекен» ҰКП-ның, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің отырысы аясында Ауыл шаруашылығы министрі Е.Ш. Қарашөкеев агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың субсидия алушыларға қарсы міндеттемелер жүктеу арқылы түпкі нәтижеге негізделген жаңа үлгісін таныстырды.

Сонымен бірге «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» ЗТБ-нің Басқарма төрағасының орынбасары Е.Е. Әбуов, Сүт және аралас тұқымдас ірі қара малдың Республикалық Палата Кеңесінің төрағасы Қ.Б. Рақышев, «Картоп және көкөніс шаруашылықтарының одағы» ЗТБ-нің жетекшісі Қ.С Бисетаев, «SHOPAN ATA» Қазақстанның ұлттық агро-қозғалысы» ЗТБ-нің төрағасы А.Ж. Садырбай, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ-нің Президенті Р.И. Шәріпов, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы директоры - АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Е.Е.Есенеев қарастырылған мәселенің түрлі аспектілері бойынша баяндама жасады.

Іс-шараны өткізу барысында барлық қатысушылар ауыл шаруашылығындағы жобалардың өтелу мерзімінің ұзақ болатынын атап өтті, сондықтан саланы қолдауға қатысты мемлекеттік саясаттың түсінікті және болжамды болуы аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау азық-түлік, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары импортының азаюына тікелей әсер етеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жем-шөп бағасының айтарлықтай өсуіне қатысты алаңдаушылықтарын білдірді, ол мал шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалатын шығындардың 70 % дейін құрайды. Сондықтан жем-шөп базасын дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жем-шөптің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау ұсынылды.

Бұған басқа, депутаттар және агросектордың өкілдері субсидиялау нормативтерін ұлғайту бөлігінде оларды қайта қаруды ұсынды, өйткені соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық құрамдас бөліктері бойынша бағаның тұрақты үздіксіз өсуі байқалып отыр.

Жалпы алғанда, субсидиялау тетіктерін жетілдіру қажеттігі туралы айтқанда, депутаттар, ең алдымен, статистикалық мәліметтерді толықтыру, саланы цифровизациялау, әкімшілік етуді жақсарту, субсидияларды алып тастауды емес, оларды ұсыну тетіктерін жетілдіру қажет деп санайды. Қарсы міндеттемелер бойынша – оларды енгізу нақты есептелуге тиіс, ал әкімшілік ету іс жүзінде орындалатын болуы керек.

Отырыс нәтижесін қорытындылай келе, Комитет төрағасы Е.Х. Барлыбаев мемлекеттік қолдаудың ұтымды, ашық және нәтижеге негізделген жүйесін әзірлеу үшін саланы субсидиялаудың жаңа жолдарын нақты және жан-жақты талқылаудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, ол  АӨК субъектілеріне депутаттар тарапынан қолдау білдірді және уәкілетті органдарды барлық айтылған ұсыныстарды мұқият қарастыруға шақырды.

Дөңгелек үстелдің нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.