БАРЛЫБАЕВ
Ерлан
Хайланұлы

VIII сайланған
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ОТЫРЫСЫ

А.ж. 25 сәуірінде Мемлекет басшысы К.К. Тоқаевтың VIII шақырылымның І сессиясының ашылуында сөйлеген сөзін іске асыру шеңберінде «Электр энергетикасы нарығын дамытудың жаңа моделін әзрлеу мәселелері туралы» тақырыбында Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

Аталған іс – шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары А.П. Рау, депутаттар - Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері, министр А. Сәтқалиев бастаған Энергетика министрлігінің өкілдері және т. б. қатысты.

Отырыс шеңберінде министр Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясы нарығының жаңа моделін енгізу жөніндегі заңнамалық нормаларды қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында оның министрлігі электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату моделін енгізуге бағытталған тиісті түзетулер әзірлеу бойынша жұмыс жүргізгенін атап өтті

Депутат А. Зейнуллин министрге жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу қажеттігіне қатысты сұрақ қойды. Шынында да, ең жоғары жүктемелерді жабу үшін реттеу қуаттылығының созылмалы тапшылығынан басқа, базалық қуаттың тапшылығы болжануда. Осыған байланысты Энергетика министрлігі генерация секторын дамыту бойынша қандай нақты шаралар қабылдауда деген сұрақ қойды?

Осы және басқа да сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс атқару үшін нақты ұсыныстар берілді.