Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«САПАЛЫ БІЛІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ. ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНА СӘЙКЕС МІНДЕТТЕР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2021 жылғы 18 мамырда бейне-конференция байланысы режимінде Мемлекет басшысы                        Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру шеңберінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Бұқаралық және балалар спортын дамыту – саламатты ұлтты қалыптастыру негізі» атты кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары  Кесебаева Б.Т., Мәдениет және спорт, Білім және ғылым вице-министрлері, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты аша отырып, Комитет төрайымы Ж.Н. Нұрманбетова басты назарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және жалпы ұлт денсаулығын нығайту бойынша алға қойған міндеттеріне: барлық жас топтарын тартуға, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге аударды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Б.Т. Кесебаева халық арасында бұқаралық спортты дамытудың, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігін және спортты дамытудағы елеулі нәтижелерді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы хабарлады, сондай-ақ ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру негізінде мемлекеттік спорттық тапсырыс тетігін енгізу көзделетін ҚР Заңының қабылданғанын атап өтті.

Баяндама жасаған Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапанов Е.Т. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру бойынша, атап айтқанда, бұқаралық спортты одан әрі дамыту және әлемдік спорт аренасында жоғары жетістіктер спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан негізгі шараларды белгіледі.

Спорттық инфрақұрылымды құру және оның халыққа, соның ішінде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында балаларға қолжетімділігі, сондай-ақ қаржы қаражатын кәсіпқой спорттан бұқаралық спортқа қайта бөлу туралы әкімдердің орынбасарлары Нүкенов А.Н. және Мархабат А. сөйледі.

Мектеп спорты федерациясының бас директоры Ақан З.Н. өз  сөзінде мектептердегі спорттық тәрбиелеудің, спорттық мүкәммалмен материалдық жабдықтаудың және мектептердегі спорттық клубтар мәртебесінің өзекті мәселелерін көтерді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында бұқаралық спортты дамытудың қазіргі жай-күйі мен перспективалары туралы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры Ульжекова Н.Т. сөйледі.

Депутаттар және жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, бұқаралық және балалар спортын одан әрі дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.

Отырыс соңында бірқатар ұсыныстар берілді, оның ішінде:

- мемлекеттік спорттық тапсырысты барлық жерде сапалы енгізу;

- ересек тұрғындарды арту үшін спорттық инфрақұрылымды дамыту;

- дене шынықтыру-спорт кешендерінің құрылысын аяқтау;

- бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нұсқаушыларымен кадрлық қамтамасыз ету;

- мектептерді спорттық мүкәммалмен толықтыру нормативтерін қайта қарау және спорттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету.