Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ: ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек».

Мемлекет тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап неғұрлым оңтайлы жастар саясатын әзірлеу үшін көп жұмыс атқарды. Заңнама жетілдірілді, мемлекеттік менеджменттегі тәсілдер өзгерді, мемлекеттік бағдарламалар, жобалар қабылданды. Жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін айтарлықтай бюджет қаражаты бөлініп отыр.

Бүгінгі күні елімізде жастар қатыса алатын, жастарды қолдау бойынша ондаған бағдарламалар іске асырылуда. Олар: «Еңбек», «Денсаулық», «Бизнестің жол картасы-2020», «Болашақ», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Серпін», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға», «Zhas Project», тағы басқа жобалар мен бағдарламалар.

Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық, суицид, қылмыстылық, көші-қон процестері және т. б. мәселелері әлі де өзекті болып тұр.

Жастардың өзекті проблемаларын бүгінгі талқылау мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту жолдары мен бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.