Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Е. Бейсенбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты

2021 жылғы 26 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Ғ. Балаеваның есептік кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында Аида Балаева жүзеге асырылған жобалар, жыл ішінде атқарылған жұмыстар және Министрліктің ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттері туралы айтып берді.

Министр баяндаманың басында өткен күнтізбелік жыл өзі басқаратын ведомство үшін ақпараттық-идеологиялық жұмыс саласындағы негізгі бағыттың сабақтастығын бекіту уақыты ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамаларды іске асырудың бастауы болғанын атап өтті. Ол Министрліктің ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы, этносаралық және диаспоралық саясат, сондай-ақ дін саласында атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу барысында Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Министр бастаған барлық Министрліктің жемісті жұмысын атап өту қажет. Қоғамдық маңызы бар бағыттардың барлығы бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.