Бейсенбаев
Елнұр
Сабыржанұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Азаматтарды қабылдау

Қайырлы күн достар!


Еліміздің тұрғындары көтерген мәселелерді жоспарлы түрде шешу «Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" бағдарламасының негізгі басым бағыттарының бірі.


Бүгінде, әрбір тұрғынның әлеуметтік жағдайын жіті зертеп, сараптап, заңдық негізі бар талап-тілектерді тиісті орындарға жеткізу және олар бойынша лайықты шешім қабылдау аса маңызды болып табылады.

Партия Лидері айтқандай, «Nur Otan»-ның аппараты пандемия кезеңінде тұрғындармен нақты жұмыс жүргізуге бағдарлануы тиіс.

Осыған орай, кеше «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауының ұйымдастырумен онлайн-форматта еліміздің 5 аймағынан 10 азаматтың өтініштері мен арыздарына байланысты қабылдау өткіздім.


Айта кететіні, мемлекеттік органдардың өз деңгейінде әлсіз түсіндірме жұмыстарын жүргізуіне байланысты, қабылдауға жазылғандардың төртеуіне кеңес беріп, заңдық нормаларды түсіндірумен шектелдім.


Ал қалған азаматтардың мәселелері жұмысқа орналастыру, ауданның инфрақұрылымдық жұмыстары, тұрғын-үй мәселесі мен әлеуметтік қолдау алуға байланысты. Бұл мәселелерді шешуде тиісті мемлекеттік органдармен жан-жақты, әрі жүйелі жұмыс жасауымыз қажет.


Дегенмен, өтініштердің ішінде қордаланған, яғни көптеген инстациялардан жауабы бар арыздарда жеткілікті. Мұндай мәселелерді тезарада шешу мүмкін емес, бірақ осындай жүйелі түйткілдердің де шешімін табуға болатындығын айтқым келеді. Ол үшін риторикалық көзқарастан, сұрақты шешу жолдарын іздеумен айналысу маңызды.


Соңғы жылда бізге 393 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. 5 жыл ішінде партияға 1,2 млн. адам жүгінді, олардың 92%-і оң шешімін тапты.


Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:

1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Whatsapp 8 700 800 4441

3. komek@nurotan.kz (электронды пошта)